Fake News

Фейк: «Маңғыстауда атом электр станциясы салынады»

Әлеуметтік желілерде Маңғыстауда Атом электр станциясын салу жоспарланғаны туралы ақпарат таратылуда. Оны өңірлік қоғамдық коммуникация орталығы жоққа шығарды.

Ведомствоның хабарлауынша, Маңғыстау облысында атом электр станциясын салу мәселесі қарастырылып жатқан жоқ.

⁃ Президент Қазақстан халқына Жолдауында Үкіметке пен «Самұрық-Қазына» қорына елімізде бейбіт атомды пайдалану мүмкіндігін қарастыруды тапсырды. Қазіргі уақытта уәкілетті органдар бұл тапсырманы жан- жақты пысықтауда. Маңғыстау облысында атом электр станциясын салу мәселесі қарастырылып жатқан жоқ, – деп хабарлады Қоғамдық коммуникация орталығы.

Демек, Атом электр станциясын салу жоспары туралы тараған ақпарат фейк болып табылады.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button