Fake News

Фейк: «Жеке тұлғалардың еңбекақысын талап етуге құқығы жоқ, мүлікке иелік етпейді және өз балаларын тәрбиелей алмайды»

Әлеуметтік желілерде қазақстандықтар жеке тұлғалардың мүлдем, тіпті ең негізгі құқықтары жоқ деп жазуда. Егер жеке тұлға болып танылсаңыз, онда сіз өз еңбегіңізге ақы төлеуді талап ете алмайсыз, мүлікке иелік етпейсіз және өз өміріңізді басқара алмайсыз. Мұның бәрі жалған.

Таралған ақпаратта көзге түсетін бірінші нәрсе – Қазақстанда жоқ заңдардың атауы. Мәселен, елімізде Еңбек туралы заңдар кодексі жоқ. Оның орнына бізде ҚР Еңбек кодексі қабылданды. Сондай-ақ бізде Отбасылық кодекс жоқ, бірақ Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы кодекс бар. 

Сонымен қатар ҚР Азаматтық кодексінің 12-бабында «жеке тұлға» терминінің анықтамасы берілген, ол ақпараттық хабарламада айтылғандардың бәрін тікелей жоққа шығарады. Кодекске сәйкес, жеке тұлға – «Қазақстан Республикасының азаматтары, басқа мемлекеттердің азаматтары, сондай-ақ азаматтығы жоқ адамдар». Осы Кодекстің 13-бабында «Азаматтық құқыққа ие болып, міндет атқару қабілеті (Азаматтық құқық қабілеттілігі) барлық азаматтар үшін бірдей дәрежеде танылады.»

Жеке тұлғалардың мүлдем құқығы жоқ деген теориялар сектаға ұқсас «Тірі суверен адамдар» қозғалысынан пайда болды. Оны жақтаушылар өздерін тірі деп жариялау арқылы бұдан әрі салықтар мен айыппұлдар төлемейтініне, коммуналдық қызметтер мен несие бойынша қарыздарды өтемейтініне сенімді. Сонымен қатар олардың идеясы Ватикан мен Англияда кейбір қоймаларда жатқан өздеріне тиесілі бірнеше килограмм алтын бар, олар оны талап етуге толық құқылы дегенге негізделеді.

Әрине, «тірі суверен адамдар» қозғалысы идеясының шындыққа ешқандай қатысы жоқ.

Демек, жеке тұлғалардың құқығы жоқтығы туралы хабарлама – өтірік және конспирология

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button