Fake News

Фейк: «ДЭФ Жерді күн сәулесінен айырмақ»

Әлеуметтік желілерде Дүниежүзілік экономикалық форум Жерге түсетін барлық күн сәулесін жабатынын айтты деп жазылуда. Ол үшін ұйым ғарышқа жылу мен жарықты шағылыстыратын арнайы көпіршіктер ұшырмақ. Бұл рас па? Анықтайық.

«Ғарыштық көпіршіктер» идеясы бар. Оны Массачусетс технологиялық университетінің (MIT) пәнаралық ғылыми тобы ойлап тапқан. Идеяның мәні – көптеген үрлемелі шардан тұратын «салды» ғарышқа ұшыру. Оны Лагранж нүктесінде, яғни Жер мен Күннің тартылыс күштері теңескен жерде орналастыру керек. Демек, жасанды шымылдық ешбір аспан денесіне тартылмайды және өз орнында қалады.

Ғалымдардың пікірінше, бұл шаралар күн радиациясының бір бөлігін ғарышқа шағылыстыруға және жер бетінің шамадан тыс қызуын болдырмауға мүмкіндік береді. Күн сәулесін толық жабу мәселесі көтеріліп отырған жоқ. Қазіргі уақытта Жер бетінде ғаламдық жылыну тіркеліп жатқанын ескерсек, көпіршіктер «қалқаны» планетаның экожүйесіне зиян тигізбейді, оның айналымына көмектеседі.

Алайда, бұл пікірмен бәрі бірдей келіспейді. Мұндай жобалар қауіпті боулы ықтимал деп санайтын мамандар бар. Мысалы, халықаралық климат саясаты бойынша сарапшы Линда Шнайдер Discover Magazine журналына берген сұхбатында климаттың қалыптасуына осындай ауқымды араласудың ұзақ мерзімді салдарын толық бағалау мүмкін емес екенін айтты. Демек, теориялық тұрғыдан шардан жасалған «қалқанды» ұшыру планетамызға көмектесудің орнына зиян тигізуі мүмкін. 

Дүниежүзілік экономикалық форумның мұның бәріне жанама қатысы бар. Ұйымның сайтында MIT пәнаралық тобының жобасы туралы олар ұсынып отырған технология туралы қысқаша видео бар. ДЭФ «ғарыштық көпіршіктер» құру жөніндегі жобаға ақпараттық қолдаудан басқа ешқандай қолдау көрсеткен жоқ.

Қорыта айтқанда, ДЭФ-тің күн сәулесін жартылай жабу туралы оқиғаға қатысы жоқ. Сонымен қатар, жобаның, біріншіден, Жердегі өмірге қауіп төндірмейді, екіншіден, оның бір күні жүзеге асырылатынына кепілдік жоқ.

Олай болса, таралған хабарлама өтірік және манипуляция болып табылады. Оған сенбеген жөн.

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button