Fake News

Фейк: «Перуде тұрғындардың талабы бойынша 5G антенналары алынып тасталуда»

Telegram мессенджерінде пайдаланушылар Перуде тұрғындардың талаптары бойынша 5G антенналары алынып жатқаны туралы жазды. Хабарламаға ағашқа ұқсатып жасалған бағананы бұзу барысы түсірілген видео тіркелген. Шын мәнінде, бұл не? Түсіндіріп өтейік.

Бұл видео ескі және 5G форматындағы байланысқа ешқандай қатысы жоқ. Ол 2019 жылғы 30 қарашада Перуде жаңа буындағы желілер әлі орнатылмаған кезде түсірілген.
Қазір елде мұндай желілер іске қосылған және жұмыс істеп тұр, антенналар мен басқа жабдықтарды алып тастау туралы мәселе тұрған жоқ.
Таралған видеода алынып тасталған бағана – жай ғана ұялы байланыс антеннасы. Мирафлорес муниципалитетінің билігі ұялы байланыс операторы заңсыз орнатқандықтан, оны бұзуды талап еткен. Бұл туралы ақпарат муниципалитет мэриясының ресми сайтында бар.
Бағананы Coar North Sac компаниясы ұялы байланыс сапасын жақсарту үшін қойған. Алайда монтаждау жұмыстарын жүргізу үшін қажетті құжаттары болмаған. Сондықтан антенна сот шешімімен алынып тасталды, ал компанияға айыппұл салынды.
Жоғарыда айтылғандардың негізінде, видеода көрсетілген жағдай азаматтардың талабы бойынша 5G антеннасын бұзу барысы емес деген қорытынды жасауға болады. Бұл – жергілікті биліктің рұқсатынсыз орнатылғандықтан, сот шешімімен алынып тасталған ұялы байланыс антеннасы.
Перуде 5G форматындағы байланыс іске қосылды және жұмыс істеп тұр. Оған қажетті жабдықты бұзу жоспарда жоқ.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button