Тарих

Конспирология: «Титаникті» беделді кәсіпкерлерден құтылу үшін батырған»

Желіде Титаниктің апатқа ұшырауы кездейсоқтық емес деген теория талқылануда. Болжам бойынша, оны жасаушы АҚШ-тың Федералды резервін құруға қарсы болған беделді кәсіпкерлерді жинап алып, кемені суға батырған. Мұның бәрі жалған.

Бұл 2018 жылы пайда болған ескі қастандық теориясы. Оның авторлары – бұдан ірі QAnon қастандық теориясын жақтаушылар.

Титаникті қасақана суға батырғаны туралы болжам мынаған негізделген: кеме бортында оның бірінші және белгілі болғандай, соңғы рейсінде сол кездегі өте ықпалды үш кәсіпкер болған: Джон Астер, Исадор Штраус және Бенджамин Гуггенхайм. Олардың барлығы АҚШ-тың Федералды резервін құруға қарсылық танытқан, олардың дауыстары қор құруға кедергі келтіруі мүмкін еді. Бұл жағдайды болдырмау үшін Титаникті жасаушы Джон Пьерпонт Морган оларды кемеге шақырып, экипажға кемені айсбергтерге қарай бағыттауды бұйырған. Бұл ретте Морганның өзі кеме жолға шықпай жатып бірнеше сағат бұрын саяхатынан бас тартқан.

Жағдай бұлай болмаған.

Біріншіден, Штраустың Федералды резерв құруға ешқашан қарсы болмағанын, керісінше бұл бастаманы қолдағанын дәлелдейтін құжаттар бар. Астер мен Гуггенхайм бұл мәселе бойынша өз пікірлерін мүлдем білдірмеген. 

Екіншіден, Дж. П. Морган «Титаник» рейсі кезінде Францияда болған және кемемен жүзу жоспарында болмаған. 

Үшіншіден, тарихшы сарапшылар «Титаниктің» апатқа ұшырауы кездейсоқтық болды деген ортақ пікірде. Сарапшылардың пайымдауынша, кеменің апатқа ұшырауына экипажының айналаның анық көрінуі жоғары жылдамдықпен қауіпсіз саяхаттауға мүмкіндік береді деген сенімі себеп болған болды. Алайда, тып-тымық айсыз түнде алда жылжып бара жатқан айсберг байқалмады. Нәтижесінде апат орын алды.

Олай болса, таралған теория тарихи деректерге қайшы келеді және жалған болып табылады. Титаниктің апатқа ұшырауы – үш кәсіпкерге қастандық жасау әрекеті емес, қайғылы оқиға.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button