ВидеоТарих

Жалған: «ДДҰ Орталық барлау басқармасының бастамасымен құрылды»

Әлеуметтік желілерде Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ағайынды Даллестің бастамасымен құрылғаны туралы видео тарады, олардың бірі мемлекеттік хатшы болған, екіншісі Орталық барлау басқармасын басқарған. Шындығында, олардың ұйымның құрылуына тікелей қатысы жоқ еді.

Ағайынды Джон Фостер мен Аллен Даллес беделді болған. Бұл – АҚШ-тың сыртқы және ішкі саясатын басқарған алғашқы және жалғыз ағайындылар.
Ықпалына қарамастан, олар Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымын құрмаған. Ол 18 елдің дипломатиялық өкілдері ұйым Конституциясына қол қойғанда құрылды. Құжат 1948 жылы күшіне енді.
Таратылған видеода ДДҰ Дэвид Рокфеллердің ақшасына құрылды деген де тезис бар. Бұл да өтірік. Іс жүзінде ұйымға сол кезде де, қазір де қатысушы елдер мен ерікті жарналарды аударатын серіктес мемлекеттер демеушілік жасайды. ДДҰ-ны кім және қандай мөлшерде қаржыландыратыны туралы толық есепті ұйымның сайтынан көруге болады.
Рокфеллер қоры бұрыннан ДДҰ серіктестерінің бірі екені белгілі. Алайда, ол ұйымға толық демеушілік жасамайды, тіпті оның бюджетінің маңызды бөлігін де қамтамасыз етпейді. ДДҰ-ның ресми сайтындағы ақпаратқа сәйкес, Рокфеллер қоры 20 ірі демеушінің қатарына жатпайды. Ұйымға көбінесе Германия, Билл және Мелинда Гейтс қоры және АҚШ қаржы береді.
Демек, ДДҰ Орталық барлау басқармасының бастамасымен құрылды деген ақпарат шындыққа жанаспайды. Ұйымды 18 қатысушы ел бірлесіп құрды. Дэвид Рокфеллердің жеке қаражаты ДДҰ-ның құрылуы мен дамуында маңызды рөл атқармады. Оған қатысушы елдер мен ерікті жарналар жасайтын жеке ұйымдар демеушілік жасайды. Қазіргі уақытта Рокфеллер қоры ДДҰ-ның 20 ірі демеушісінің қатарында жоқ.

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button