Тарих

Фейк: «Велосипедті Ежелгі Үндістанда ойлап тапқан»

Telegram чаттарына қатысушылар велосипедті Ежелгі Үндістанда ойлап тапқандығы туралы жазуда. Мұны ежелгі ғибадатханалардың біріндегі барельеф дәлелдейді екен. Бұл қайдан шықты және онда велосипедтің бейнеленгені рас па? Анықтайық.


Ежелгі Үнді ғибадатханасының қабырғасында бейнеленген велосипед туралы алғашқы хабарламалар Желіде 2018 жылы тараған. Қолданушылар ғарышкер мен ұялы телефонның суреттерімен де бөлісіп, бұл да ежелгі үндістердің жетістігі деп мәлімдеді. 
Фактчекерлер анықтағандай, ұялы телефонның суреті 1996 жылы Испанияда Калаорра соборының қақпасында түсірілген. Реставраторлар 1992 жылы Испаниядағы Әулие Иероним соборының қабырғасына ғарышкердің мүсінін қосып салған.
Бұл таңқаларлық жайт емес – реставраторлар тарихи ғимараттардың сыртын жаңарту барысында шағын әзіл «хабарламалар» жиі қалдырады. Мысалы, Вашингтон ұлттық соборының қабырғасында «Жұлдызды соғыстар» фильміндегі Дарт Вадердің басы бар, ал Сантьяго-де-Компостела соборының колоннасының үстіңгі бөлігінде тас қалаушының кішкентай автопортретін көруге болады.
Ежелгі Үнді Панчаварнасвами ғибадатханасындағы велосипед барельефін де осылай түсіндіруге болады. Зерттеушілердің айтуынша, велосипедтің бейнесі қабырғаға 1920 жылдары ғибадатхананы қалпына келтірілген кезде салынған. 
Ол кезде велосипедтер болған және біз білетін қазіргі велосипедтерге ұқсас еді.
1817 жылы Германияда ойлап табылған ең алғашқы велосипедтің басқаша болғанын атап өткен жөн: оның алдыңғы дөңгелегі үлкен және артқы дөңгелегі кішкентай болды.
Демек, ежелгі ғибадатхананың қабырғасындағы велосипедтің суреті бұл көлік құралының мыңдаған жылдар бұрын Үндістанда ойлап табылғанының белгісі емес. Оны 1920 жылдары ғибадатхананы қалпына келтіру кезінде тас қалаушы салған.

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button