Фейк: «БҰҰ жаңа «Жаһандық цифрлық келісім» арқылы адамдардың өмірін бақылай алады»
Telegram арналарында БҰҰ-ның «Жаһандық цифрлық келісімі» талқылануда. Пайдаланушылардың пікірінше, оның көмегімен әлемдік үкімет цифрлық технологияларды пайдалануды бақылап, адамдардың өміріне ықпал етеді. Алайда, ресми құжатта бұл туралы айтылмаған.
«Жаһандық цифрлық келісім» бар. Мәтіні ресми сайтта жарияланған.
Бұл құжат цифрлық технологияны бүкіл әлемде қол жетімді ету үшін әзірленген. Сондай-ақ осы технологияларды теріс пайдалануды болдырмайтын басқару механизмдерін құруға бағытталған.
Сондай-ақ келісімде халықаралық ынтымақтастық үшін және өнеркәсіп, кәсіпкерлік, экология, медицина, білім беру және мәдениет және ауыл шаруашылығы салаларында мемлекеттер мен жеке компаниялардың өзара іс-қимылы үшін цифрлық технологияларды пайдалану туралы айтылады.
Құжатта цифрлық технологияны қолдануда ешқандай шектеулер қойылмаған. Керісінше, онда цифрлық дағдылар арқылы мүмкіндіктерді кеңейту үшін барлық адамдарды, әсіресе осал топтарды Интернетке қосу үшін цифрлық алшақтық пен кемсітушілікті жою туралы жазылған.
Құжатта адамдардың өмірін бақылау туралы сөз жоқ, бірақ адамдар мен қауымдастықтарға зиян келтірмеу үшін жеке деректерді қорғауды және жеке өмірге қол сұғылмаушылықты қамтамасыз ету жайлы айтылған.
Таралған хабарламада автор адам өмірінің барлық салаларын бақылау туралы жазылған OffGuardian сайтының мақаласына сүйенеді.
Бірақ бұл ақпарат көзін сенімді деп санауға болмайды. Media Bias Fact Check OffGuardian сайтын «конспирология және жалған ғылым» санатына жатқызады. Яғни, бұл ресурста дәлелдермен растала бермейтін тексерілмеген ақпарат жариялануы мүмкін.
Яғни, жаңа «Жаһандық цифрлық келісім» цифрлық технологиялармен адамдардың өмірін бақылау арқылы шектеуге бағытталмаған. Ресми құжатта, керісінше, цифрлық технологиялардың қол жетімділігін дамыту және пайдаланушылардың жеке деректерін қорғау туралы айтылады.