Fake News

Фейк: «Болашақта адамдар вакциналардан әртүрлі жануарлардың қасиеттеріне ие болады»

Әлеуметтік желілерде түйеқұстың аяғындай аяғы, кенгурудағыдай қалтасы бар құлағы сүйір құлақты әйелдің ерекше мүсінінің видеосы тарады. Әртүрлі жануарлардың гендері бар вакциналарды қолдана отырып, «глобалистер» нақ осындай адамды жасамақ екен. Бұл дұрыс емес.

Видеодағы мүсін – бұл суретшілер Скотт Итон мен Сангир Прабхакер жүзеге асырған антрополог Элис Робертстің жобасы.

Жоба «Элис 2.0» деп аталады, бұл адамның денесіне жануарлардың әртүрлі қасиеттерін қолдана отырып өзгертсе, адамның қандай болуы мүмкін екендігі тақырыбындағы қиял.
Антрополог Элис Робертс жүрек ұстамасы қаупін азайту үшін модельге иттің жүрегін салып жақсартқан, сезімтал, тұрақты болуы үшін көзін үлкен қылған, сондай-ақ жылдам болатындай эму түйеқұсының аяғын таңдаған және оның кенгуру сияқты бала көтеретін қалтасы бар, бұл әйелдер үшін босану процесін әлдеқайда жеңілдетеді.
Бұл жоба адамдарды «Элис 2.0» ұқсатып өзгерте бастайды немесе болашақта адамдар осындай болады дегенді білдірмейді. Бұл – қиял ғана.
Вакциналарға әртүрлі жануарлардың гендерін қосады деген теорияға келетін болсақ, бұл COVID-19 қарсы вакциналарда шимпанзе мен жыланның гендері бар деген фейктерге негізделген. Шындығында, бұл ауруға қарсы бірде-бір вакцинада мұндай ингредиенттер жоқ. 
Сонымен қатар вакциналар адамның ДНҚ-сын өзгерте алмайды, өйткені олар бұл молекула «сақталатын» жасуша ядроларына енбейді. 
Демек, таралған ақпарат – фейк. Видеода көрсетілген мүсін – бұл антропологтың қиялының жемісі, вакциналарда жануарлардың гендері жоқ.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button