Конспирология

Фейк: «Адамдарға бөтен дауыстарды жеткізетін қару жасалды»

Танымал Telegram чаттарында пайдаланушылар «Құдай дауысы» деп аталатын құпия қару туралы ақпарат тарады. Құрылғы белгілі бір адамның немесе адамдар тобының миына тікелей әсер етіп, олар басқа ешкімге естілмейтін әртүрлі дауыстарды таратады екен. Бұл рас па? Анықтайық.

«Құдай дауысы» – бұл конспирологияны жақтаушылар тарататын миф. Кейбір дереккөздерде бұл қару – заманауи жоба делінген. Ал басқаларында оның кемінде он жылдан бері белсенді қолданылып жүргені жазылған. 

Дыбыстарды адамдардың миына тікелей жіберетін құрылғылар жоқ. Мұндай технологиялар туралы ресми дереккөздерде де, бұқаралық ақпарат құралдарында да хабарланбаған.

Мифтік «Құдай дауысы» қаруына ұқсас нәрсе – бұл ұзақ қашықтыққа әрекет ететін акустикалық құрылғылар. Олар алыс қашықтыққа таралатын жоғары жиілікті және өте қатты дыбыс шығарады.

Бұл технология ірі наразылық шараларын тоқтату, теңізде қарақшылықтың алдын алу және т.б. мақсаттарда қолданылады. Алайда, мұндай жүйелерді пайдалану қауіпсіз бола бермейді. Оны қолданылғаннан кейін адамдардың есту қабілетіне зақым келген жағдайлар болған.

Яғни, алыс қашықтықта әрекет ететін акустикалық құрылғылар шусыз жұмыс істей алмайды және сигналдарды миға жібермейді. Олар құрылғының маңында жүргендер еститін өте қатты дыбыс шығарады.

Қорыта айтқанда, таралған ақпарат – фейк. Адамдарға бөтен дауыстарды жеткізетін қару жоқ.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button