Конспирология

Фейк: «Грета Тунберг – барон Ротшильдтің тікелей ұрпағы»

Instagram-да эко-белсенді Грета Тунбергтің әйгілі банкир және екінші барон Ротшильд Лионель Уолтер Ротшильдтің шөбересі деп жазылды. Бұл жалған.

Швед белсендісінің әлемдегі ең бай және беделді әулеттердің бірінің өкілдерімен байланысы бар екендігі туралы қауесет Желіде 2023 жылдың қаңтарында шыққан. Қастандық теориясын жақтаушылардың айтуынша, барон Лионель Уолтер Ротшильдтің ұлының есімі Хоаким болған және тегі қос сөзден тұрған – Ротшильд-Тунберг. Ол жас кезінде Швецияның ең табысты банкирі атанған.

Ағылшын тілді фактчекерлер бұл пікірлерді тексерді. Грета Турнбергтің отбасылық шежіресінде Хоаким Ротшильд-Тунберг есімді ешкім жоқ екені анықталды. Оның әкесі жағынан арғы атасы Фриц Тунберг, ал атасы Фриц Олоф Тунберг болған.

AFP порталы да Швецияда Хоаким Ротшильд-Тунберг есімді табысты банкир болғанына ешқандай дәлел таппады. 

Пайдаланушылардың сөзінше, Тунбергтер отбасы Швецияның Handelsbanken банкі арқылы Ротшильдтерден қомақты қаржы алған. Бұл ретте Желіде осыны дәлелдейтін мақала жарық көрген швед таблоидына сілтеме жасалады. Фактчекерлер мұндай мазмұндағы материалды да, Handelsbanken арқылы Ротшильдтер мен Тунбергтер арасындағы транзакцияларға дәлелдерді таппады. 

Демек, Грета Тунберг пен Ротшильд әулетінің туыстығы туралы сөздер дәлелсіз. Эко-белсендінің танымал банкирлер отбасымен байланысы барын дәлелдейтін нақты деректер жоқ.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button