Конспирология

Фейк: «Метеоролог эфирде химтрейлдердің бар екенін мойындады»

Қазнет пайдаланушылары 2010 жылы экранға шыққан KTVL телеарнасының метеорологиялық бағдарламаның үзіндісімен бөлісуде. Жазбада жүргізуші химтрейлдердің барын мойындайды екен. Бұл фейк.

Химтрейлдер туралы теорияларда ұшақтар ауаға улы заттар шашады делінген. 1990 жылдары теория енді ғана шыққан кезде оны жақтаушылар бұл заттар ауа райын бақылау үшін қажет деп есептеді. Уақыт өте келе теория өзгеріп, конспирологиялық идеяларды жақтаушылар белгісіз химиялық заттарды адамдарды улау және өлтіру, ақыл-ойын бақылау және басқаруға болатындай ету үшін шашады деп айта бастады.

Әрине, мұның бәрі шындыққа жанаспайды. Химтрейл теориясының бірде-бір дәлелі жоқ, ал барлық «растаулар» фейк және дәлелденбеген мәлімдемелер. 

Қазір тарап жатқан мәлімдеме де жалған. Шын мәнінде, жүргізуші химтрейлдер теориясын мүлдем растамайды, ол сол кезде Калифорнияда әскери ұшақтар қоқыс тастағанын айтады. Бұл алюминийден немесе мырыштан жасалған жұқа және қысқа бір тілкем әскери тұзақ. Олар металдың әрбір осындай тілкемін нысан ретінде қарастыратын «баллистикалық зымырандарды алдау» үшін қажет. 

Мұндай әскери тұзақтың сипаттамасы қастандық теориясын жақтаушылар химтрейлдерге берген сипаттамаға тікелей қайшы келеді. Олардың айтуынша, бұл аспанда ұзақ уақыт бойы таралмайтын ұзын ақ жолақтар. Ал мынау – сырттай бұлттардан немесе конденсациялық ізден ерекшеленетін бірнеше қысқа жолақ.

Сонымен қатар қастандық теориясын жақтаушылардың пікірінше, ұшақтар алюминий мен мырыш қана емес, сондай-ақ басқа да қауіпті химиялық заттар шашады. Мысалы, бұған дейін біз ұшақтар кептірілген қан, құрттар, гельминт жұмыртқаларын, микроскопиялық дрондар және графен оксидін шашады деген теорияларды жоққа шығардық. 

Демек, видеода жүргізуші химтрейлдер бар деп санайтындардың сөздерін растаған жоқ. Ол баллистикалық зымырандарды «шатастыратын» әскери тұзақ жасау техникасын сипаттаған.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button