Манипуляция

Манипуляция: «Пандемия кезінде адамдарға берілмек болған цифрлық паспорт патенті табылды»

Қазақстандықтар Желіде табылған цифрлық паспорттың патенті туралы жазуда. Пандемия кезінде оны адамдарға бермек болған, бірақ түк шықпаған екен. Енді әлем бойынша бәріне осындай құжат алдырмақ. Бұл жалған.

 

Ретімен бастайық. Пандемия кезінде көптеген елдер электронды құжаттар енгізді. Бұл –вакцинацияның электрондық паспорттары. Оларда құжаттың иесі COVID-19-ға қарсы қандай вакцинаны қайда, қашан салдырғаны туралы ақпарат жазылған.

Пайдаланушылар Желіден тапқан патентте электрондық вакцинация паспорты сипатталмаған. Онда иесінің барлық саяхаты туралы деректері сақталатын электрондық шетелдік төлқұжат туралы айтылған.

Патенттік өтінімнің өзі 2021 жылдың желтоқсанында берілген. Ол пандемия аяқталғанға дейін – 2023 жылдың қаңтарында мақұлданды.

Мұндай төлқұжаттар бүкіл әлемде енгізіледі деп ойлауға негіз жоқ. Сонымен қатар патенттің болса, бұл сипатталған жоба жүзеге асырылады дегеннің белгісі емес. Мысалы, Желіде герметикалық қапшық түріндегі жылжымалы тік ваннаның, пикникке арналған автоматты құрылғыллардың, имек тұтқасы жоқ көзілдіріктің және мүлдем жасалмаған басқа да заттардың патенттері бар.

Демек, сапарлар туралы деректерді қамтитын электрондық паспорт іс жүзінде қолданыла ма, жоқ па, мұны айту қиын. Оның үстіне, мұндай құжаттар бүкіл әлемде енгізіледі деп айтуға негіз жоқ. Пандемия кезінде бұл төлқұжаттарды енгізу нақты жоспарда болмаған. Өйткені олардың патенттік өтінімі 2023 жылы пандемия басылып, аяқталды деп жарияланғанда ғана мақұлданды

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button