Манипуляция

Фейк: «Өлім жөніндегі комиссиялар қарттар, науқастар және кедейлер үшін эвтаназия қажеттілігін анықтайды»

Қазақстандықтар «Өлім жөніндегі комиссиялар» құру туралы бейнероликпен бөлісуде. Олар қарттарға, науқастарға және кедейлерге қатысты эвтаназия қолдану мәселесімен айналысады. Бұл ескі фейк.

Роликтің сипаттамасында 2022 жылы Үлкен жиырмалық саммитінде Билл Гейтс «өлім комиссиялары» туралы мәлімдеме жасағаны жазылған. Әлемнің жетекші елдерінің көшбасшыларының алдында филантроп өз еміне ақша төлей алмайтын науқастар мен қарттардың өмірін сақтауға емес, мұғалімдерге ақша бөлген әлдеқайда орынды деген екен.

Қазақстандықтар таратып отырған видео 2010 жылы Аспен институты ұйымдастырған іс-шара кезінде түсірілген.

Онда Гейтс мемлекеттің жалпы денсаулық сақтау жүйесіне және өлім аузында жатқан адамдарға күтім жасау бағдарламасына көп шығындалатынын айтқан болатын. Алайда, ол қоғамда бұл тақырыпты талқылауға тыйым салынғанын және Желідегі осы саланы қаржыландыруды тоқтату немесе азайту мәселелерін талқылау «өлім комиссиялары» деп аталатынын жеткізді.

Билл Гейтс егде жастағы, кедей немесе науқас адамдар үшін эвтаназия тақырыбын көтермеген, сондай-ақ әлемнің қандай да бір елінде мұндай тәжірибені енгізуді ұсынбаған.

Демек, таралған ақпарат – фейк. Біріншіден, бұл видео 2010 жылы жазылған және оның Үлкен жиырмалықтың саммитіне қатысы жоқ, екіншіден, онда Билл Гейтс адамдардың жекелеген санаттарының эвтаназиясы туралы айтпайды және оны тәжірибені енгізуге шақырмайды.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button