Фейк: «Адамзат өркениеттің пайда болғанына небәрі 200 жыл»
Әлеуметтік желілерде қазіргі адамзат өркениеті екі жүз жылдан бері бар дер жазуда. Бұл әлемде ежелгі қабірлердің жоқтығымен дәлелденеді екен. 200 жылдан астам уақыт бұрын өмір сүрген ата-бабалар туралы деректер жоқ, тіпті екі жүз жылдан астам уақыт бойы өсіп тұрған ағаштар да жоқ. Бұл қандай теория және оның негізі бар ма? Түсіндірейік.
Хабарламада айтылған тезистерден бастайық. Олардың біріншісі – әлемде екі жүз жыл бойы өсіп тұрған ағаштар жоқ. Бұл өтірік.
Әлемде екі жүз емес, мыңдаған жылдар бойы тұрған жүздеген ағаш бар. Мысалы, Невадада Уилер шыңында өскен Прометей қарағайына шамамен бес мың жыл болды. Ағаш 1964 жылы кесілді.
Бүгінгі таңда әлемдегі ең көне тірі ағаш – Мафусаил қарағайы. Ғалымдардың бағалауы бойынша ол 4854 жылдан артық тұр. Ағаш АҚШ-та Калифорнияда өсуде.
Екі жүз жылдан астам уақыт тұрған ағаштар Чили, Қытай, Зимбабве, Жапония, Италия, Түркия, Ливан, Иран, Португалия және басқа да көптеген елдерде кездеседі.
Дүниежүзінде ескі ағаштардың жас ағаштарға қарағанда әлдеқайда аз болуы таңқаларлық жайт емес. Біріншіден, ағаштардың бәрі бірдей жүз жылдан астам өсе алмайды. Екіншіден, ағаштың өмір сүру ұзақтығы айналасындағы жағдайларға байланысты. Температураның күрт көтеріліп төмендеуі, құрғақшылық немесе аяздың болуынан көптеген өсімдіктер қурауы мүмкін.
200 жылдан астам уақыттан бері тұрған зираттар да жоқ емес. Бұл ретте марқұмдардың денесін жерлеу дәстүрі жүз мың жыл бұрын пайда болғанын айта кеткен жөн. Алайда, оны барлық халықтар ұстанбаған. Кейбір мәдениеттерде денелерді өртесе, басқаларын салға салып, суға жіберген, жартастарда қалдырған. Әлемдегі ең көне зираттардың бірі – Gross fredenwalde неміс жерлеу орны. Ғалымдардың бағалауы бойынша ол шамамен 8500 жылдан бері бар. Афиныдағы Kerameikos зираты шамамен 5000 жыл бұрын құрылған.
Мың жылдан астам уақыттан бері тұрған ежелгі қорымдар Жапония, Израиль, Германия, Франция және басқа елдерде табылған.
Екі жүз жылдан астам уақыт бұрын өмір сүрген ата-бабалар туралы ақпаратқа келетін болсақ, бұл әр отбасында сақталған көне заттар мен құжаттарға байланысты. Көбінесе отбасылық шежіре туралы ақпарат атақты және бай отбасыларда мұқият сақталады. Мысалы, Дания корольдік отбасының тарихы 958 жылы біріккен Данияны басқарған викингтердің бірінші патшасы Қарт Гормға дейін белгілі. Ал британдық корольдік отбасының тарихымен сақталған құжаттар бойынша тоғызыншы ғасырға дейін танысуға болады.
Демек, таралған ақпарат – фейк, оған сенбеген жөн.