Фейк: «Жердің ғарыштан түсірілген суреті – бұл сатанистер жасаған суреттер»
Әлеуметтік желілерде Жердің «Аполлон-17» миссиясы кезінде түсірілген суреті тарады. Планетадағы континенттердің контурында сатанистер әдейі салған шайтанның бейнесін көруге болады екен. Бұл өтірік.
1972 жылы жүзеге асқан және осы күнге дейін Айға жасалған соңғы миссия саналатын Аполлон-7 миссиясы кезінде ғарышкерлер Жердің бірнеше суретін түсірген. Олардың ішіндегі ең танымалы Blue Marble деп аталады және NASA сайтында жарияланған. Осы және әлеуметтік желілерде тараған сурет екеуінің арасында айырмашылық бар.
Желіде Аполлон-17 миссиясы кезінде түсірілген басқа да суреттер бар, бірақ олардың ешқайсысы Instagram-дағы фотосуреттермен сәйкес келмейді.
Планетамыздың компьютерде өңделген кескінінде шайтанның контурын көруге болатындығы ештеңе білдірмейді. Адамның миы кез келген ақпаратты талдауға және жүйелендіруге тырысады, кейде бұл кері әсер береді. Мысалы, ми бір-бірімен байланысты емес заттарды байланыстыруға тырысады. Осы кезде апофения деп аталатын құбылыс пайда болады. Соның нәтижесінде біз Айдың бетінен «бейнелерді» көреміз, радиодағы кедергілерден «дауыстарды» естиміз және бұлттар контурынан сарайлар мен жануарлардың контурын байқаймыз.
Яғни, біреу абстрактілі фигурадан бір нәрсені көрсе, бұл оның бар екенін дәлелдемейді.
Адамдар әлем картасын бұрыннан қарап келеді және оны күлкілі нысандар түрінде ұсынады. Мәселен, әлем картасы Австралиямен ойнап жатқан мысыққа ұқсайды. Ал Ұлыбританияның контуры айдаһар секілді.
Алайда, бұл аталған елдердің жоқ екенінің білдірмейді.
Демек, Жердің шайтанның бейнесі бар суреті – қастандық теориясын жақтаушылардың апофения құбылысын пайдалануының нәтижесі. Бұл суреттердің жалған екенін және оларды сатанистер жасағанын дәлелдемейді.