Конспирология

Дәлелсіз: «Күзде әлемде өлім-жітімі жоғары жасанды вирус пайда болады»

Танымал қазақстандық Telegram-чаттарда күзде әлемде қолдан жасалған өлім-жітім деңгейі жоғары вирусты тарататын бір құпия ұйым туралы ақпарат шықты. Бұл туралы ДДҰ өкілдері көпшілік алдында тұспалдап айтқан екен. Бұл хабарламаға сенуге бола ма? Анықтайық.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ресми сайтында келесі пандемияға арналған мақала бар. Оны тұмау вирустарының бірі тудыруы мүмкін екен. Алайда, мерзімі, патогеннің шығу тегі мен оның сипаттамалары туралы жазылмаған.

ДДҰ басшысы Тедрос Гебрейесус әлем келесі пандемияға дайын болуы керек деп мәлімдеген. 76-шы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ассамблеясында ол елдерді келесі пандемияға дайындалуға шақырды, сонда ол орын алса, әлем ауруға бірге және жөнді қарсы тұра алады. 

Бұл сөздерде күдікті ештеңе жоқ. Адамзат тарихында пандемиялар ұдайы болып тұрады және COVID-19 пандемиясының соңғы еместігі белгілі. Ғалымдардың пайымдауынша, планета халқының өсуі, урбанизация, әлем бойынша еркін саяхат және климаттың өзгеруі пандемия мен індеттің жиі болуына әкелуі мүмкін.

Алайда, мұның бәрі биыл күзде әлемде қолдан жасалған аса қауіпті вирус қасақана таратылатынын дәлелдемейді. Демек, таралған ақпаратқа сенбеген жөн.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button