Тарих

Джон Леннон мектепте: «Сендер өмірді түсінбедіңдер» деп айтқаны рас па?

Желіде аты аңызға айналған The Beatles тобының әншісі Джон Леннон айтқан дәйексөз кеңінен таралды. Мектепте одан «Өскенде кім боласың?» деп сұрағанда, болашақ музыкант «Бақытты болғым келеді» деп жауап берген екен.
«Олар маған: «Сен тапсырманы түсінбедің», – деді. Ал мен: «Сендер өмірді түсінбедіңдер», – дедім. Бұл музыканттың дәйексөзі ме? Анықтайық.


The Beatles тобында Джон Леннон жүздеген сұхбат берді және ондаған видео және радиохабарларға қатысқан. Квартет қызметін 1970 жылы ресми түрде тоқтатқанына қарамастан, олардың музыкасы әлі де болса танымал және топ мүшелерінің сұхбаттарын Желіден оңай табуға болады.
Топ өнер көрсеткен жылдары оның мүшелері берген сұхбаттар топтастырылған
www.beatlesinterviews.org сайтында мектеп, бақыт пен өмір туралы дәйексөз табылмады. 

The Beatles фанаттарына арналған Beatles Bible форумында да бұл дәйексөз талқыланды. Квартетке адал жандар да бұл сөздің дереккөзін таппады. Бұл туралы Леннонның әндерінде де, көпшілік алдында сөйлеген сөздерінде де айтылмаған.
Атақты дәйексөздерің кімге тиесілі екенін анықтаумен айналысатын Quote Investigator порталы Джон Леннонның балалық шағында жай ғана бақытты болғысы келетіні туралы айтқанына ешқандай дәлел жоқ деп жазды.

Леннон айтты деген дәйексөзде оның анасы туралы айтылады. Айта кетейік, Джон Леннон бес жасынан бастап ата-анасынан айырылып, нағашы апасының қолында өскен. Англияда 1944 жылдан бастап мектепке бес жастан бару міндетті болғандықтан, оны білім мекемесіне тәтесі жіберген. 
Қорыта айтқанда, Джон Леннон мұғалімдеріне « Сендер өмірді түсінбейсіңдер» деп айтты деп ойлауға негіз жоқ.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button