Фейк: «Нидерландта трансгендер анаға ескерткіш орнатылды»
Танымал қазақстандық Telegram-чаттарда екі мүсіннің фотосуретінен жасалған коллаж таралды. Олардың бірінде екі баласы бар жүкті әйел, екіншісінде мойнында маймылға ұқсаған жан отырған әйелдің көкірегі мен ердің жыныс мүшесі бар адам бейнеленген. Бұл екі мүсін де аналарға арналған ескерткіштер, тек біреуі Ресейде, екіншісі Нидерландта орнатылған екен. Бұл шындыққа жанаспайды.
Екі ескерткіш те бар. Олар туралы ақпаратты интернеттен суреттерді кері іздеу құралдарын қолдана отырып табуға болады. Жанында балаларымен бірге бейнеленген жүкті әйелдің мүсіні – бұл анаға қойылған ескерткіш. Ол 2010 жылғы 1 маусымда Түменде орнатылған.
Әйелдің көкірегі мен ердің жыныс мүшелері бар адамның мүсінін суретші Фемми Оттен жасаған. Мүсін «And Life Is Over There» — «Өмір сонда» деп аталады. Ол 2017 жылдың қазан айында Гаагада орнатылды.
Оттеннің айтуынша, мүсінде әйел мен ердің табиғаты біріктірілген: «грек құдайы Гермафродит өзінің ғашығымен қосылған. Мен сурет салып, жұмысымды жасай бастағаннан бері гендерлер бір-бірімен еш қиындықсыз қосылды. Мен үшін бұл табиғи нәрсе. Мен өзімді екеуіне де ұқсатамын. Ерлер мен әйелдерді жеке тұлға ретінде қарастырған біртүрлі, олар өзара тығыз байланысты, олардың өмірі аралас», – деді ол сұхбаттарының бірінде.
Оттеннің еңбегінде бірнеше стиль көрініс тапқан. Ал фигура ой еркіндігін білдіреді. Мүсіннің ана немесе бала туу тақырыбына қатысы жоқ және бұл «анаға орнатылған ескерткіші» емес.
Демек, таралған коллаж пайдаланушыларды шатастырады. Гермафродит мүсіні анаға арналған ескерткіш емес және оның отбасы мен ата-ана тақырыбына ешқандай қатысы жоқ.