Fake News

Фейк: «Флориданың бас хирургі мРНҚ вакциналарының қауіпсіздік профилі нашар деп мәлімдеді»

Әлеуметтік желілерде Флориданың бас хирургі Джозеф Ладапоның видеосы таратылуда. Ол COVID-19 қарсы мРНҚ вакциналарының «қауіпсіздік профилі» нашар және вакцинацияланған адамдар ауру жұқтыруға бейім деп мәлімдеген. Бұл дұрыс шындыққа жанаспайды.


Алдымен Джозеф Ладапо өзінің лауазымына қарамастан маска тағу режиміне және COVID-19 қарсы вакциналарға қарсы екенін атап өткен жөн. Ол бірнеше рет көпшілік алдында жалған мәлімдемелер жасаған, тіпті вакцинацияның қауіптілігін дәлелдеуге арналған «зерттеу» де жүргізген. Алайда, сенімсіз және манипуляциялық мәліметтер болғандықтан оның жұмысы сынға алынды.
Оның егілген адамдар вакцинацияланбаған адамдарға қарағанда ауру жұқтыруға әлдеқайда бейім екендігі туралы мәлімдемелері де негізсіз. Оның пайымдауынша, вакциналардың тиімділігі уақыт өте келе төмендесе, вакцинациядан кейін шамамен жеті ай өткен соң, адамдарда мүлдем екпе салдырмағандарға қарағанда COVID-19 жұқтыру ықтималдығы едәуір жоғары болады.
Бұл теорияны растайтын зерттеулер жоқ.
Вакциналардың тиімділігі уақыт өте келе төмендейтіні рас. Бірақ бұл вакцинацияланған адамдардың иммунитеті егілмегендерге қарағанда әлсіз болады дегеннің белгісі емес.
Шындығында, вакциналардың тиімділігі уақыт өте келе төмендейтіндіктен, адамдарға препараттың бустерлік дозаларын алу ұсынылады.
Сондай-ақ вакциналар адамдарды ауру жұқтырудан емес, аурудың ауыр ағымынан, ықтимал асқынулардан және өлімнен қорғауға арналғанын естен шығармаған жөн.
Зерттеу нәтижелері көрсеткендей, вакциналар бұл міндетін жақсы атқарады.
2022 жылғы деректер вакцинаның бустерлік дозасын алғандарда COVID-19 салдарынан қайтыс болу ықтималдығы үш есе төмен екенін растайды.
Мұның бәрі Джозеф Ладапоның COVID-19 қарсы вакциналардың «қауіпсіздік профилі» нашар және вакцинацияланған адамдар егілгендерге қарағанда жиі ауырады деген сөздерін жоққа шығарады.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button