Пікірлер

Фейк: «Балалары нашар баға алғаны үшін ата-аналарға айыппұл салынады»

Instagram-да Қарағандылық жаңалықтар парақшасында (пабликте) балалары мектепте нашар оқитын ата-аналарға айыппұл салуды көздейтін норма қарастырылған жаңа заң жобасы талқылануда. Өңірдің білім басқармасы бұл қауесетке қатысты түсініктеме берді.


Алаңдауға негіз жоқ. Елімізде балалар «екі» алғаны үшін айыппұл салу жоспарда жоқ.

«Қолданыстағы заңнамада балалардың қанағаттанарлықсыз бағалары үшін ата-аналардың жауапкершілігі қарастырылмаған. Осындай жаңашылдықтар енгізілген нормативтік-құқықтық актілердің жобалары талқылауға шығарылған жоқ. Қандай да бір білім беру реформаларын енгізу туралы нақты мәліметтер алу үшін ресми ақпарат көздерін пайдалануды ұсынамыз», – деп хабарлады Қарағанды облысының білім басқармасы.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button