Пікірлер

ҚР ІІМ чиптелмеген үй жануарларын анықтау бойынша рейдтер туралы ақпаратты жоққа шығарды

Telegram-да жаңалықтар арналарында Астанада полиция қызметкерлері үйлерді аралап, әкімшілік жаза қолданамыз деп адамдарды үй жануарларын чиптеуге мәжбүрлейтіні туралы хабарлама тарады. ҚР ІІМ бұл ақпаратты жоққа шығарды.

Ведомствоның баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл жалған ақпарат.

«Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» кодекске сәйкес жануарларға қатыгездік таныту және жануарларға жауапкершілікпен қарау саласындағы Қазақстан заңнамасын бұзғаны үшін әкімшілік істерді (ӘҚБтК-нің 407-бабы) ішкі істер органдары, сондай-ақ орман шаруашылығы, жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті органдар, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдар қарайды.
Қазіргі уақытта ішкі істер органдарының қатысуымен үй жануарларын чиптеуді тексеру бойынша қандай да бір рейдтік іс-шаралар жүргізу көзделмеген», – деп хабарлады ҚР ІІМ өкілдері.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button