Фейк: «Әйгілі теннисші COVID-19 вакцинасына байланысты матчтан кейін есінен танып қалды»
Әлеуметтік желі пайдаланушылары танымал теннисші Рафаэль Надальдің денсаулығына қатысты мәселені талқылауда. Спортшы матчтардың бірінен кейін өзін нашар сезінген, кеудесі қысып, тынысы тарылған. Кейбіреулер бұл жағдай COVID-19 қарсы вакцинациямен тікелей байланысты деп санайды. Бұл олай емес.
Шын мәнінде, дәрігерлер Надальға қажулық омырылым диагнозын қойды.
Бұл туралы оның өзі әлеуметтік желілерде хабарлады. Сондай-ақ, спортшы жарақатына байланысты алдағы 6 аптада физикалық белсенділікті тоқтатып, Monte Carlo Masters чемпионатына қатыспауға тура келетінін атап өтті.
Надальдың өзі де, оны емдеуші дәрігерлер де вакцинация мен жарақаттың арасындағы байланыс туралы хабарлаған жоқ.
COVID-19 қарсы вакциналар адамдарды физикалық тұрғыдан әлсіретеді, тіпті спортшыларды жаппай өлтіреді деген теориялар вакцинацияға қарсы адамдар арасында кеңінен тараған. Біз мұндай жорамалдарды жоққа шығарған болатынбыз.
Фейк: «COVID-19 қарсы вакцинациядан ондаған кәсіби спортшы қайтыс болуда»