Манипуляция

Манипуляция: «АҚШ-та COVID-қа қарсы Moderna және Pfizer-Biontech вакциналарына енді рұқсат етілмейді»

Әлеуметтік желілерде АҚШ-та Moderna және Pfizer-BioNTech сияқты моновалентті SARS-COV-2 вакциналарын қолдануды тоқтату туралы хабарлама тарады. Алайда, моновалентті вакциналардан басқа, қолдануға тыйым салынбайтын екі валентті нұсқалар да бар. Төменде вакциналарды қолданудағы жаңа түзетулерді талдаймыз және моновалентті нұсқалардың биваленттіден айырмашылығы неде екенін айтамыз.


АҚШ-тың Азық-түлік және дәрі-дәрмек сапасын бақылау басқармасы (FDA) коронавирусқа қарсы вакциналарды қолдануға өзгерістер енгізді. Басқарманың ресми сайтында Moderna және Pfizer-BioNTech моновалентті вакциналарына енді қолдануға рұқсат етілмейтіні жазылған. Сонымен қатар, аталған өндірушілердің бивалентті вакциналарын қолдануға тыйым салынып қана қоймай, жеңілдетілген. Басқарма COVID-19 қарсы Moderna және Pfizer-BioNTech екі валентті мРНҚ вакциналарын 6 айлық және одан жоғары жастағы адамдарға немесе белгілі бір популяцияларға қосымша немесе бірінші доза ретінде егуге болатын түзетулер енгізді.
Көптеген вакциналардың моновалентті және екі валентті нұсқалары бар. Моновалентті вакцина – бұл вирустың бір штаммы бар вакцина. Мұндай Moderna және Pfizer-BioNTech вакциналары COVID-19-дың түпнұсқа штаммы негізінде жасалған. Ал бивалентті, яғни екі штаммды вакцина түпнұсқа және BA.4 және BA.5 омикрон сияқты жаңа штаммдар негізінде жасалған. Екі валентті вакциналар тиімдірек болып саналады, өйткені олар COVID-19-ға қарсы кең қорғанысты қамтамасыз етеді.
Демек, АҚШ-та COVID-19 қарсы Moderna және Pfizer-Biontech вакциналарына толық тыйым салынбаған. Азық-түлік және дәрі-дәрмек сапасын бақылау басқармасы вакциналардың моновалентті нұсқаларын пайдалануға ғана тыйым салды. Сонымен қатар, бивалентті вакциналарды қолдану шарттары жеңілдетілді, бұл болашақта коронавирустық аурулардан қорғаудың тиімділігін арттыруы мүмкін.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button