Манипуляция: «Ревакцинация егде жастағы адамдарды COVID-19-ға осал етеді»
Telegram мессенджерінде ревакцинациядан өткен егде жастағы адамдардың басқаларға қарағанда COVID-19 жұқтыруға әлдеқайда бейім екенін дәлелдейтін зерттеу туралы ақпарат тарады. Бұл рас па? Анықтайық.
Бұл зерттеу MedRXiv сайтында жарияланған. Бұл порталда тек препринттер, яғни рецензияланбаған зерттеулер ғана орналастырылған. Оларды басқа ғалымдар тексерген жоқ және жұмыста келтірілген дәлелдерді ғылыми қауымдастық бағаламаған.
Демек, жұмыста көрсетілген тұжырымдарды дәлелденген деп санауға болмайды.
Зерттеудің өзінде 70 жастан асқан адамдарда бейтараптандыратын антиденелердің ревакцинацияға реакциясы жас адамдарға қарағанда айтарлықтай төмен екендігі айтылған. Бұл ревакцинациядан өткен егде жастағы адамдар басқаларға қарағанда вирусқа осал екенін білдірмейді. Зерттеу авторлары 70 жастан асқан ревакцинациядан өткен адамдарды 70 жасқа толмаған біра ревакцинациядан өткен адамдардан басқа ешкіммен салыстырмаған. Зерттеуге егілмегендер немесе ревакцинациядан өтпегендер қатысқан жоқ.
Яғни, жұмыс қорытындыларында ревакцинацияға иммундық жауап 70 жасқа дейінгілерде күштірек екендігі айтылады. Екпе 70-тен асқан адамдарда ауру жұқтыру ықтималдығын арттырады деп зерттеуде жазылмаған.
Демек, таралған ақпарат – ғылыми зерттеуде келтірілген фактілерді бұрмалауға негізделген манипуляция.