Фейк: «2030 жылға қарай адамдарға 6G чиптері имплантацияланады»
Telegram чаттарында Nokia бас директоры Пекка Лундмарк 2030 жылы адамдарға 6G чиптері имплантацияланады деп мәлімдегені туралы жазылуда. Бұл рас па? Тексерейік.
Nokia бас директоры Пекка Лундмарк 2022 жылдың мамырында 6G желілерітуралы сөз қозғағаны рас. Ол 2030 жылға қарай әлемде 6G желілері орнатыла бастайды деп мәлімдеді.
Сондай-ақ аталған мерзімге дейін ірі технологиялық компаниялар жаңа қосымша шынайылық жүйелерін және смартфондарды алмастыра алатын құрылғыларды әзірлейді, деді ол. Ал имплантацияланатын чиптер туралы ол да, сөз сөйлеген сарапшылар да ештеңе айтқан жоқ.
6G технологиясы адамдарға мета-ғаламды қолдануға және дамытуға мүмкіндік бермек. Ол үшін ірі компаниялар қосымша шынайылық беретін технологиясы бар смарт көзілдірік және денеге тағуға болатын басқа девайстар түрінде құрылғыларды әзірлеуде.
Демек, Nokia бас директоры 2030 жылы 6G чиптер имплантацияланатыны деп мәлімдегені туралы ақпарат жалған.