Конспирология: «Майкл Джексон 11 қыркүйектегі шабуыл туралы ескерткен»
Әлеуметтік желі қолданушылары поп-музыка королі Майкл Джексон 2001 жылдың 11 қыркүйегінде болған шабуыл туралы білген және ол туралы алдын ала ескерткен деген ақпарат таратуда. Бұған дәлел ретінде әншінің 1997 жылы шыққан альбомының мұқабасы келтіріліп отыр. Бұл рас па? Анықтайық.
Аталған Альбом Blood on the Dance Floor деп аталады. Оның мұқабасын суретші Уилл Уилсон жасаған. Ол Майкл Джексонды қалада күн батқанда қызыл костюмде билеп тұрғандай етіп бейнелеген.
Уилсонның суретінде ешқандай құпия мағына жоқ. Бұл туралы ол 2020 жылдың қыркүйегінде берген сұхбатында айтқан. Оның сөзінше, орындаушы билеп тұрған қала ойдан шығарылған, бұл Нью-Йорк емес, ал қызыл костюм Майкл Джексонда болған. Суретші күн батқан кездегі ерекше пішінді бұлттарды құпия хабарламаларды жеткізу үшін емес, әсер беру үшін қосқан.
Оның сөздері оңай расталады. Мысалы, альбом мұқабасында бейнеленген қаланың контуры 1990-шы жылдардағы Нью-Йорктегі скайлайннан өзгеше.
Ал альбомның ауқымды жарнамалық компаниясы аясында түсірілген Blood on the Dance Floor клипінде Майкл Джексон күңгірт қызыл былғары костюм киген.
Яғни, Майкл Джексонның 1997 жылғы альбомының мұқабасында 2001 жылғы 11 қыркүйектегі шабуыл туралы құпия хабарламалар мен ескертулер болмаған.