Fake News

Манипуляция: «2021 жылы тұмау толығымен жойылды»

Желіде 2021 жылы тұмау жұмбақ түрде толығымен жойылып, 2022 жылы қайта пайда болды деген мәлімдеме тарады. Статистиканы талдап, оны түсіндіріп өтейік.

2020-2021 жылдың қысында тұмаумен ауыру жағдайлары өте аз болды. Бірақ бұл аурумен ешкім ауырмады деп айта алмаймыз. АҚШ-тың Ауруларды бақылау және алдын алу орталығының (CDC) мәліметтері бойынша тұмауға шалдығу жағдайлары тіркелген. 
«2020-2021 маусымында тұмаудың таралуы 1997 жылдан бергі жағдайларға қарағанда төмен болғанымен, тұмау толығымен жойылған жоқ», — деп түсіндірді CDC тұмауды қадағалау тобының жетекшісі Линнет Браммер USA Today порталына берген сұхбатында.
Ол кезде тұмау ғана емес, сонымен қатар COVID-19-дан басқа, өзге де респираторлық аурулармен ауыру да төмендеді. 
Сарапшылардың пікірінше, бұған карантиндік шектеулер, бетперде тағу, әлеуметтік қашықтықты сақтау, қол мен әртүрлі заттардың беттерін сүртуге арналған антисептиктерді белсенді қолдану себеп болды. 
Ал 2022 жылдың қысында, карантиндік шектеулер жеңілдетілген кезде, тұмау мен суық тию бұрынғы, пандемияға дейінгі деңгейге қайта түсті. 
Қорыта айтқанда, таралған хабарлама – манипуляция. Тұмау 2021 жылы жойылған жоқ. Сырқаттанушылықтың төмен болуы сол кездегі қатаң карантиндік шектеулерге байланысты орын алды.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button