Fake News

Фейк: «Поп-ит және симпл-димпл ойыншықтары деградацияға әкеледі

Қазақстандық ата-аналар танымал поп-ит және симпл-димпл ойыншықтарының қауіптілігі туралы хабарламаларға алаңдаушылық танытуда. Әлеуметтік желілерде мұндай фиджеттердің деградацияға әкелетіні, сондай-ақ жабысқақ әрекеттердің дамуына ықпал ететіндігі туралы хабарламаларды оқи аласыз. Бұл олай емес.

Поп-ит және симпл-димпл ойыншықтары – өзіңмен бірге алып жүруге болатын стресске қарсы заттар. Поп-ит – бұл ауа көпіршікті пленканың көп мәрте пайдалануға болатын түрлі-түсті аналогы. Ойыншықтағы «көпіршіктерді» екі жақтан да басуға болады. Симпл-димпл – әдетте силиконнан жасалатын екі-үш «көпіршігі» бар кішкентай салпыншақ.
Ойыншықтар нарыққа шыққанда бірден балалар арасында үлкен танымалдыққа ие болды. Бұл үрдіс кейбір ата-аналарды алаңдатуда. Кейіннен Қазнетте «көпіршіктерді жару» балалардың деградациясына әкелетіні туралы хабарламалар тарала бастады. Мамандар бұл теориямен келіспейді.

– Баланы дамыту үшін кез келген ойыншықтар қажет. Менің ойымша, бұл ойыншық ұсақ моториканы жақсы дамытады – ол түрлі-түсті, әдемі. Баланың жабысқақ рекеттеріне келетін болсақ, олар алдын ала қалыптасқан болар. Ойыншықтың олардың қалыптасуына қатысы жоқ. Кембридж ғалымдарының пікірінше, жабысқақ әрекеттердің қалыптасуы адамның бұл әрекет оған жағымсыз оқиғадан аулақ болуға көмектеседі деген сенімімен байланысты. Бұл ойыншық жарқын және әдемі болғандықтан балаларға ұнайды. Оның үстіне, балалар оны үнемі ойнамайды, олар басқа да іспен айналысады», – дейді отбасылық және балалар психологы Юлия Храмкова.

Санта-Круздағы Калифорния университетінің әлеуметтік эмоционалды технологиялар зертханасының мамандары зерттеу жүргізіп, поп-ит , симпл-димпл және спиннер сияқты фиджет ойыншықтары стрессті азайтуға және зейіннің шоғырлануын арттыруға ықпал етеді деген қорытындыға келді. Зерттеуге қатысқан балалар фиджет ойыншықтар оларға эмоциялармен күресуге көмектесетінін растады.

Мәскеулік психиатр Алексей Казанцев танымал ойыншықтардан еш қауіп көрмеді. Оның пікірінше, бала бірнеше минут бойы фиджетпен ойнаса, оның психикасына еш зиян келмейді.
Поп-ит және симпл-димпл ойыншықтарының сапасына келетін болсақ, олардың қауіпсіздігі органолептикалық және санитарлық-химиялық көрсеткіштер, сондай-ақ таңбалау бойынша тексеріледі. Бұл туралы ҚР ДСМ санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінен хабарлады.

– Қазақстан нарығында сатылатын ойыншықтардың қауіпсіздігі де сәйкестікті бағалау туралы құжатпен расталуы тиіс. Осылайша, ойыншықтарды сатып алу кезінде сатып алушы сатушыдан сәйкестік сертификатын сұрауға құқылы, – деді комитеттің ресми өкілі Ержан Байтанаев.

Қорытынды: фиджет ойыншықтар балалардың психикасына айтарлықтай қауіп төндірмейді. Поп-ит және симпл-димпл стресс деңгейінің төмендеуіне ықпал ететінін растайтын зерттеулер бар. Бала силикон «көпіршіктерін» жарып жібергеннен деградацияға ұшырайды деп айтуға негіз жоқ.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button