Конспирология

Манипуляция: «Будапештте аспанда түсініксіз дөңгелек көк жарық пайда болды»

Telegram-да пайдаланушылар Будапештте аспанда пайда болған дөңгелек көк жарық туралы жазды. Оның қалай пайда болғаны түсініксіз, өйткені құбылыс тіркелген жерде шамдар немесе жарық көздері болмаған екен. Бұл рас па, Анықтайық.


Аспандағы ерекше құбылыс 2023 жылғы 2 сәуірде кешке байқалған. Жарықтың суреті Желіде тарады. 
Ол бірден түсіндірілді. Венгрия бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, 2023 жылғы 2 сәуірде Дүниежүзілік аутизм мәселесі туралы ақпарат тарату күніне орай Будапештте бірнеше ғимарат көгілдір жарықпен жарықтандырылған. Оның ішінде ірі сауда орталығы, сондай-ақ шеңбер түрінде салынған Ұлттық спорт орталығы болды.
Дәл осы жарық төмен бұлттардан шағылысып, осындай ерекше құбылыстың пайда болуына себеп болған. 
Бұл Будапештте аспанда байқалған көк дөңгелек жарықтың пайда болуын түсіндіреді.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button