Конспирология

Әлеуметтік желілерде Цифрлық валюта туралы жаңа фейк тарады

Telegram арнасында ДЭФ барлық азаматтарға CBDC микрочипін имплантациялау қажеттілігі туралы мәлімдеді деген ақпарат тарады. Бұл адамдарға азық-түлік пен су сияқты бірінші қажеттіліктегі қажетті заттарды сатып алу үшін керек екен. Сондай-ақ хабарламада болашақта азаматтарға банктік шоттарына қол жеткізу үшін CBDC чип-имплант пайдалану қажет болатынын айтқан профессор Ричард Вернер туралы айтылады.

Вернер осындай мәлімдемелер жасады. Бірақ мұның Дүниежүзілік экономикалық форумға ешқандай қатысы жоқ. Яғни, таралған ақпарат жалған.

CBDC немесе орталық банктің цифрлық валютасы – бұл елдің орталық банкі шығаратын цифрлық ақша. CBDC барлығына ортақ емес, әр елде өзінің цифрлық ақшасы мен өз валютасы болуы мүмкін.

Қазіргі уақытта цифрлық валютаны енгізу бойынша жобалар 87 елде, оның ішінде Қазақстанда әзірленуде. 2025 жылы елімізде цифрлық теңгені толық енгізу жоспарланып отыр. Бірақ одан кейін де цифрлық теңге қағаз ақшаны алмастырмайды. Ол қолма-қол ақшамен тең қолданылады. Сонымен қатар CBDC-ді әртүрлі тәсілдермен, соның ішінде электрондық пошта, QR кодтары және карталық төлем терминалдары арқылы пайдалануға болады. Демек, азық-түлік, су және басқа да өнімдерді CBDC чиптерін қолданбай-ақ кез келген ыңғайлы жолмен сатып алуға болады.

ДЭФ CBDC чиптерін имплантациялау туралы мәлімдеді деген ақпаратты фактілерді тексеру жөніндегі Logally Facts сайты да жоққа шығарды. Фактчекерлер ДЭФ ешқашан тамақ пен су сатып алу үшін CBDC чиптерін имплантациялау қажеттілігін ресми түрде жарияламағанын анықтады. Ал бұған дейін цифрлық валюта туралы айтып келген Ричард Вернер енді Дүниежүзілік экономикалық форумның мүшесі емес. Демек, ол ұйымның мүдделері мен көзқарасын жеткізе алмайды.

Олай болса, ДЭФ барлық азаматтарға өздерінің банктік шоттарына қол жеткізу және сатып алулар жасау үшін CBDC чиптерін имплантациялауды талап еткені туралы жаңалық жалған. Орталық банктің цифрлық валютасы, оның ішінде цифрлық теңге, нақты ақшаны алмастырмайды. CBDC пайдалану үшін міндетті түрде чипті ғана қолданбайды, өйткені валютаны қолданудың басқа тәсілдері бар.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button