Fake News

Фейк: «Глютеннен қырыққабат жасау барысы видеоға түсіп қалған»

Қазнетте глютеннен қолдан қырыққабат жасау барысы көрсетілген кадрлар тарады. Шын мәнінде, видеоға не түсірілгенін түсіндіріп өтейік.

Бұл ескі ролик Желіде 2016 жылы кеңінен тараған болатын. Ол кезде онда қырыққабат глютеннен емес, синтетикалық материалдардан жасалған деп жазылған. Алайда, бұл шындыққа жанаспайды. Шын мәнінде, видеода дәмханалар мен дүкендердің витриналарын безендіру үшін қолданылатын балауыз пішіндер өндірісі көрсетілген. 
Желіде осындай балауыз пішіндерді қалай жасап, пайдалану керектігі көрсетіліп, сипатталған видеолар бар. Оларды шын тағаммен шатастыру мүмкін емес, өйткені мұқият қарағанда, әсіресе турағанда оның балауыз өнім екені бірден байқалады. 
Демек, таралған видео – фейк. Кадрларда глютеннен қырыққабат емес, балауыздан пішін жасау барысы көрсетілген.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button