Дәлелсіз: «COVID-19 қарсы вакцинацияланған адамдарда тромбоз қаупі жоғары»
Қазақстандық қолданушылар испан дәрігері Мария Хосе Альбаррасиннің атынан хабарлама таратуда. Онда коронавирусқа қарсы вакцинация тромбоздың пайда болуына ықпал етеді делінген. Бұл тұжырым ғылыми негізделмеген.
«Вакцинацияланған адамдарда әдетте D-димер деңгейіне жоғары болады, бұл тромбоз қаупі барын білдіреді. Д-димерд деңгейін бақылау үшін үнемі мерзімді қан таладуын жасағандарға және ол жоғары болса, онда антикоагулянттар қабылдау керек», – дейді Мария Хосе Альбаррасин
Мария Хосе Альбаррасиннің кім? Хабарламада ол биохимия және иммунология профессоры ретінде таныстырылған. Алайда шетелдік фактчекерлер оның Испания алқалы дәрігерлер тізімінде жоқ екенін анықтады. Альбаррсиннің есімі Мурсиядағы гомеопатиялық клиниканың парақшасында ғана аталған, сайтта көрсетілген телефондар жауап бермейді.
Мария Хосе Альбаррасин пандемияны жоққа шығаратын испан дәрігерлер қоғамына кіреді. Ол бірнеше рет жалған және расталмаған мәлімдемелер жасады. Мысалы, тұмауға қарсы вакцинация КВИ-дің таралуына ықпал етеді деп мәлімдеді.
Енді «КВИ-ге қарсы вакцинацияланғандардың D-димер көрсеткіші жоғары, яғни тромбоздардың пайда болу қаупі жоғары» деген тұжырымға тоқталайық.
D-димер – бұл тромбтың ыдырауы нәтижесінде пайда болған ақуыз бөлігі.
Бұл ретте D-димердің деңгейі жоғары болуы міндетті түрде тромбтың пайда болуының белгісі емес. Оның деңгейі қабыну процестері кезінде көтерілуі мүмкін. Француз гематология қоғамының мәліметтері бойынша, D-димердің көрсеткіштері жасына қарай, жүкті әйелдерде және бактериялық немесе вирустық инфекциялар сияқты көптеген патологиялық жағдайларда өзгереді. Яғни, вакцинация мәртебесіне қарамастан адамда D-димер деңгейі жоғарылауы мүмкін.
Сонымен қатар, COVID-19 жұқтыру тромбтардың пайда болуына әкелуі мүмкін.
«Вирустың тромбтардың пайда болуына әкелетіні белгілі, сондықтан COVID жұқтырғаннан кейін тромбтардың қалыптасу мүмкіндігі вакцинадан туындаған тромбтарға қарағанда жоғары», – дейді доктор Шрути Гохил, Калифорния Университетінің Медицина мектебінің эпидемиология және инфекциялардың алдын-алу жөніндегі медициналық директорының орынбасары.
Осылайша, КВИ қарсы вакцинацияланған адамдарда тромтардың пайда болу қаупі жоғары деген тұжырым ғылыми дәлелдермен негізделмеген және зерттеулермен расталмаған.
Бұған дейін вакцинациядан кейін тромбтардың пайда болуы туралы мұндай фейкті біз медицина ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ДСМ Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығының сарапшысы Александр Гуляевпен бірге жоққа шығарған болатынбыз.
Фейк: «мРНҚ вакциналары жүрек проблемалары мен тромбоз тудырады»