Fake News

Фейк: «Ата-аналарды балалардың вакциналардың клиникалық сынақтарына қатысуына келісімге қол қоюға мәжбүрлеуде»

Әлеуметтік желілер мен WhatsApp-та 8, 9 және 10 сынып жетекшілеріне үндеу жарияланды. Онда мұғалімдер шілде айында басталатын COVID-19 қарсы вакцинаның клиникалық сынақтарына қатысу үшін оқушылардың ата-аналарынан ақпараттандырылған келісім бланкілерін жинауы керек делінген. Мұндай сынақтар Қазақстанда жүргізілмейді.


COVID-19-ға қарсы вакцинаны қазақстандық оқушыларда сынақтан өткізу жоспарда жоқн және жоғары сынып оқушыларының ата-аналарынан балалардың тәжірибеге қатысуына келісім талап етілмейді.
– Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды, – деп хабарлады ҚР Ғылым және білім министрлігінің баспасөз қызметінен.
Баршаңызды тек ресми ақпаратқа ғана сенуге шақырамыз! Жаңалықтың шынайылығын біздің порталдың көмегімен тексеруге болады. Өзіңізді қызықтыратын ақпаратты t.me/stopfake_kz Telegram-арнасына немесе +7 707 739 5599 WhatsApp нөміріне жіберіңіз.

Басқа жаңалықтар

Back to top button