Конспирология

Фейк: «Қытайда үйлерге тұрғындар туралы толық ақпаратпен QR кодтары орнатылуда»

Әлеуметтік желілерде тараған видеода Қытайда тұрғын үйлерге жаңа аншлагтар орнатып жатқаны көрсетілген. Оларда көше атауы мен үй нөмірінен басқа QR кодтар бар. Кейбір пайдаланушылардың пайымдауынша, онда тұрғындар туралы толық ақпарат және олардың әлеуметтік рейтингтері ұсынылған. Бұл өтірік.


Қытайда көптеген үйлерге QR кодтары бар жаңа аншлагтар орнатылғаны рас. Тараған видеода тақтайшалар Шанхайда Жэньминь көшесіндегі үйлерге ілініп жатыр – оны роликте көрсетілген тақтайшалардағы жазудан көруге болады.
Қытай қалаларында QR кодтары бар мұндай тақтайшалар орнату 2017 жылы қолға алынған. Сол кезде жаңартылған аншлагтар Ханчжоу қаласындағы, Фучжоу округіндегі және Уси округіндегі үйлерде пайда болды.
Кодтарда үйлер туралы ақпарат ұсынылған – мекен-жайы, иесі, сондай-ақ, үй жалға беріле ме, егер жалға берілетін болса, қандай мақсатта берілетіні туралы қысқаша мәліметтер. 
Кодты оқып, осы мекен жайға полиция шақыруға немесе ТКШ саласындағы белгілі бір қызметтерді алуға өтініш беруге болады.
QR-кодта шифрланған ақпаратта тұрғындардың жеке деректері немесе олардың әлеуметтік рейтингі жоқ.
Айта кетейік, QR кодтар Қазақстандағы ғимараттарда да бар. Астана, Қарағанды, Алматы және басқа қалалардағы үйлерге кодтар берілген. Онда мекен жайлар, пошталық индекстер және ғимаратта орналасқан мекемелер туралы ақпарат ұсынылған.
Демек, таралған ақпарат шындыққа жанаспайды. Қытайда QR кодтары бар мекен жай тақтайшалары бар, бірақ ол бойынша үй тұрғындарының мәліметтерін және олардың әлеуметтік рейтингін білу мүмкін емес.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button