Медициналық фейктер

Фейк: «Тістің түбір өзегін емдеу жүрек ұстамасының басты себебі болып табылады»

Әлеуметтік желілерде ерекше видеоролик тарады. Онда жүрек ұстамасының себептерін талқылап отырған екі адам олардың ең бастысы – тістің түбір өзегін емдеу деп айтады. Бұл рас па? Анықтайық.

Алдымен әлемде жүрек ұстамасының басты себебі жүректің ишемиялық ауруы екенін атап өткен жөн. Тіс емдеу оның пайда болуына түрткі бола алмайды.
Тіс емдеу мен жүрек ұстамасының болу қаупінің артуы арасындағы байланыс туралы теория 1920 жылдары пайда болды. Ол кезде доктор Уэстон Прайс тиісті ғылыми жариялаған болатын. Кейіннен оның жұмысын зерттеген әріптестер келтірілген мәліметтер сенімсіз деген қорытындыға келді. Кейінгі жылдары басқа ғалымдар да түбір өзегін емдеу мен жүрек ұстамасының болу қаупі арасындағы байланысты зерттеді, бірақ ешқайсысы нақты дәлелдер таппады. Бүгінгі күні түбір өзегін емдеу салдарынан жүрек ұстамасы болмайтыны дәлелденді.
Сонымен қатар, тіс пен қызыл иекті дұрыс емдемеу жүрек ауруының дамуын арттыруы мүмкін екенін растайтын ғылыми дәлелдер бар.
Мысалы, тістің қабынған түбір өзегінде бактериялар белсенді түрде көбейеді. Олар қан тамырлары арқылы қанға еніп, жүрекке өтуі ықтимал. Осылайша, ауру жұқтыруға болатынын тікелей растайтын ғылыми зерттеулер бар.
Қорыта айтқанда, таралған видеода жалған ақпарат ұсынылған. Тістің түбір өзегін емдеу жүрек ұстамасына әкеледі деген теория 1920 жылдары жоққа шығарылған ғылыми зерттеулерге негізделген. Бұл гипотезаны растайтын басқа беделді зерттеулер жоқ. Керісінше, қабынған түбір өзегін емдемеу жүрек-қан тамырлары ауруларының дамуына әкелуі мүмкін.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button