Медициналық фейктер

Фейк: «COVID-19-ға қалыптасқан табиғи иммунитет вакцинациядан кейінгі иммунитеттен артық»

Telegram-да пайдаланушылар COVID-19-ға табиғи иммунитет пен вакцинациядан кейін қалыптасатын иммунитеттің арасындағы айырмашылықты талқылауда. Пайдаланушылардың пікірінше, біріншісі екіншісіне қарағанда әлдеқайда жақсы және мұны The Lancet журналында жарияланған «Жаһандық зерттеу» нәтижелері растайды екен. Бұл рас па? Тексерейік.

COVID-19 иммунитеттің түрлерін салыстыруға арналған зерттеулер The Lancet журналында 2022 жылдың қарашасында жарияланды. Жұмыста COVID-19 ауырған және бұрын ауырмаған, бірақ мРНҚ вакцинасымен егілген адамдарда ауру жұқтыру және ауыр аурудан қорғану деңгейі салыстырылады. Бұл зерттеу Катарда жүргізілді, яғни оны пайдаланушылар айтқандай «жаһандық» деп санауға болмайды.
Жұмыс авторлары 2020 жылдың 28 ақпаны мен 2022 жылдың 12 мамыры аралығында COVID-19 жұқтырған пациенттердің медициналық жазбаларын зерттеді. Алынған мәліметтер вакцинация мәртебесіне, жынысына және жасына байланысты салыстырылды.
Нәтижелер вакцинацияланған және бұрын ауырған адамдар тобында COVID-19 ауыр ағымы мен өлім жағдайлары сирек кездесетінін көрсетті. Бұрын ауырғандар тобында инфекциялардың саны біршама төмен болды. Дегенмен, жұмыс авторлары егіліп, иммунитет қалыптастыру, аурудан қорғану үшін оны жұқтырып, өлім кетуге қарағанда қауіпсіз екенін атап көрсетеді. 
Ғалымдар вакциналардан қалыптасқан иммунитетті табиғи иммунитетпен бірнеше рет салыстырды. 2022 жылдың 1 шілдесінде Clinical Infectious Diseases журналында аурудан кейін егілген адамдар ауырып, егілмегендерге қарағанда әлдеқайда жақсы қорғалғанын дәлелдейтін еңбекті жарияланды.
Сол жылы 15 шілдеде PNAS журналы АҚШ ғалымдарының мРНҚ вакциналары ауырып, қалыптасқан иммунитетке қарағанда COVID-19-дан ұзақ қорғауды қамтамасыз ететіні жазылған жұмысын жариялады. 
Демек, Lancet журналында вакцинациядан гөрі COVID-19 ауырған артық екендігі туралы «жаһандық» зерттеу жарияланған жоқ. Керісінше, онда ауыр ауыру мен өлім жағдайлары вакцинацияланғандар арасында да, бұрын ауырғандар арасында да өте сирек кездесетіні дәлелденді. Яғни, ауруды асқындырып, өліп кетуге қарағанда вакцина алу әлдеқайда қауіпсіз.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button