Қазақстандықтарды ірі онлайн-дүкеннің атынан алдауда
WhatsApp-та сауалнамадан өтіп, сыйлық ретінде смартфон алуға шақыратын хабарлама тарады. Акцияны Wildberries онлайн-дүкені ұйымдастырған екен. Бұл – алаяқтардың ісі.
Дүкеннің ресми сайтында сауалнамадан өткені үшін смартфон ойнатылатын туралы ақпарат жоқ.
Әлеуметтік желілердегі маркетплейстің ресми парақшаларында да ұтыс ойыны туралы айтылмаған. Демек, Wildberries-тің бұл сауалнамаға ешқандай қатысы жоқ.
Сауалнамадан өткені үшін ақша немесе бағалы сыйлықтар ұсыну – алаяқтардың сүйікті әрекеттерінің бірі. Осылайша олар жеке деректерді жинайды: логиндер, парольдер, онлайн-банкингке кіру кодтары және төлем карталарының деректері.
Құны миллион теңгелік сұрақ: алаяқтар жалған ұтыс ойындары мен сауалнамалардан қалай ақша табады
Мұндай сауалнамаларға қатыспаған жөн. Сізге ешқандай сыйлық берілмейді, бірақ жеке шоттарыңызға кіру мүмкіндігінен немесе картадағы ақшаңыздан айырылуыңыз ықтимал.