Құны миллион теңгелік сұрақ: алаяқтар жалған ұтыс ойындары мен сауалнамалардан қалай ақша табады
Желіде сауалнамаға қатысып, ақша алу немесе белгілі бір компанияның атынан бағалы сыйлықтар ұтысына қатысу туралы ұсыныстар жиі кездеседі. Көп жағдайда оны алаяқтар жасайды. Мұндай схемалардың қалай жұмыс істейтініне тоқталайық.
Екіншіден, мұндай сауалнамалар бір реттік және қатысушылар саны шектеулі болады.
Үшіншіден, мұндай сауалнамалар туралы хабарландырулар ресми сайттарда немесе әлеуметтік желілердегі парақшаларда орналастырылады. Шақырулар мессенджерлерде күмәнді сілтемелер түрінде таратылмайды.
Пайдаланушыларды алдаудың екі негізгі схемасы бар.
Біріншісі – фишинг. Сауалнама қорғалмаған онлайн платформада орналастырылады. Пайдаланушы барлық сұрақтарға жауап бергеннен кейін, сайттағы арнайы жолдарға банктік карта деректерін жазуы тиіс. Ал енгізілген барлық ақпаратты алаяқ көріп отырады және банктік шотты толық басқаруға мүмкіндік алады.
Екінші схема келесідей. Сізге қомақты төлем туралы хабарланады, бірақ оны алу үшін жүйе картаны «тануы» үшін шағын, «сәйкестендіру» төлемін жасау керек. Шын мәнінде ешқандай ұтыс жоқ, ал сіз ақшаны алаяқтарға жай аударып бересіз.
Егер ұтыс ойыны туралы хабарландыру оны өткізетін компанияның ресми сайтында орналастырылмаса, онда бұл алаяқтардың ісі болуы мүмкін. Ірі брендтер мен кәсіпорындар акциялар мен ұтыс ойындары туралы өздерінің ресми платформаларында және әлеуметтік медиа парақшаларында хабарлайды және үшінші тарап арқылы мессенджерлерде хабарландырулар таратпайды.
Шын өткізілген ұтыс ойындарында барлық салықты, қажет болған жағдайда, ұйымдастырушы төлейді, ал жеңімпаз ешқандай шығын шығармайды.