Алаяқтық

Ірі интернет-дүкенге лайк қойғаны үшін төлем жасалады – фейк

WhatsApp мессенджерінде қазақстандықтарға Flip.kz ірі интернет дүкеннің тауарларына лайк қойып, күн сайын 20 000-60 000 теңгеге дейін табыс табу туралы ұсыныспен хабарламалар келіп түсуде. Бұл өтірік.

Пайдаланушылар Flip.kz дүкенінде белгілі бір тауарларға лайк қойып, ол үшін ақша ала алады екен. Осы іс-әрекеттері үшін қазақстандықтарға күніне 20 мың теңгеден 60 мың теңгеге дейін ақы төленбек. Төлемдерді алу үшін кодты белгісіз адамға Telegram арқылы жіберу керек.

Flip.kz-те мұндай ұсыныстар жоқ.

«Бұл алаяқтар. Біздің атымызды пайдаланған үшінші тараптың сайттарында ешқандай деректерді қалдырмауларыңызды сұраймыз. Біздің www.flip.kz деген сайтымыз ғана бар. Барлық өзекті бос жұмыс орындарымен сайтта немесе hh.kz қосымшасынан таныса аласыздар», – деп хабарлады онлайн-дүкеннің тұтынушыларды қолдау қызметінен.

Естеріңізге сала кетейік, қауіпсіздік мақсатында үшінші тұлғаларға СМС-кодтар мен парольдерді хабарлауға болмайды. Алаяқтар оны біліп алып, сіздің ақшаңызды иемденуі немесе  сіздің атыңыздан несие алуы мүмкін.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button