Fake News

Фейк: «Грета Тунберг Қытайды тамаққа арналған таяқшалардан бас тартуға шақырды»

Желіде эко-белсенді Грета Тунберг Қытайды дәстүрлі таяқшаларды пайдаланудан бас тартуға шақырғаны туралы ақпарат тарады. Бұл ағаштарды сақтауға септігін тигізеді екен. Бұған жауап ретінде оған таяқшалар ағаш емес, шөп болып табылатын бамбуктан жасалатынын білу үшін мектепке қайта бару ұсынылған. Бұл оқиға – фейк.


Грета Тунбергтің «сәтсіздігі» туралы әңгіме алғаш рет Желіде 2020 жылдың қаңтарында шыққан. Бір қызығы, бұл жағдай Интернеттің орыс тілді сегментінде кеңінен таралды, содан кейін ғана басқа тілдерге, соның ішінде ағылшын, дат және т.б. аударылған.
2020 жылдың мамырында Reuters порталы белсендінің таяқшалардан бас тартуға шақырғанына құжаттық дәлел жоқ екенін айтып, бұл оқиғаны жоққа шығарды. Сондай-ақ қытайлықтар Гретаға мектепке қайта баруға кеңес бергені де расталмайды.
Сонымен қатар Грета Тунбергтің командасы Reuters агенттігіне белсенді мұндай мәлімдеме жасамағанын ресми түрде хабарлады.
Айта кетейік, дәстүрлі қытай, корей және жапон таяқшалары бамбуктан ғана жасалмайды. Ағаш, металл және пластик те кеңінен қолданылады. Сондай-ақ күміс, алтын, нефрит, піл сүйегінен жасалған таяқшалар да бар, әдетте оларды ерекше жағдайларда сыйлық ретінде табыстайды.
Қорыта айтқанд, таралған ақпарат жалған. Грета Тунберг таяқшалардан бас тартуға шақырған емес.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button