Fake News

Фейк: «Вакцинация омикрон жұқтыру қаупін және басқа аурулардың дамуын арттыратыны дәлелденді»

Қазнетте тараған видеода Роберт Мэлоун COVID-19-ға қарсы вакцинация омикрон нұсқасын жұқтыру қаупін арттыратынын және көптеген аурулар тудыратынын растайтын зерттеулер бар деп мәлімдейді. Бұл өтірік.


Роберт Мэлоун вакцинацияның «зияны» туралы бірқатар негізсіз мәлімдемелерімен танымал. 
Мэлоун айтып отырған зерттеу ссияқты рецензияланған және объективті зерттеулер жоқ.
Бірақ вакцинация, керісінше, омикрон нұсқасынан да, Sars-CoV-2 вирусының басқа да нұсқаларынан қорғайтындығын дәлелдейтін зерттеулер бар. Биыл 13 мамырда АҚШ-та жүргізілген ауқымды зерттеу жарияланды. Онда мамандар төрт штаттың аурушаңдық туралы деректерін салыстырған. Жалпы алғанда, егілген қатысушылар тобына 5 жастан 11 жасқа дейінгі 365 502 бала, ал егілмеген қатысушылар тобына 997 554 бала кірген. Ғалымдар 12 жастан 17 жасқа дейінгі топта 852 384 вакцинацияланған және 208 145 вакцинацияланбаған жасөспірімнің деректерін талдаған.
Зерттеу нәтижелеріне сәйкес, егілмеген балалар мен жасөспірімдер топтарында сырқаттанушылық пен ауруханаға жатқызу деңгейі вакцина алғандарға қарағанда жоғары болған.
Биыл 18 наурызда Nature журналында жарияланған мақала авторлары COVID-19 қарсы вакциналар омикрон нұсқасын жұқтырудан қорғайтынын растайтын зерттеулерге сүйенеді.
Видеода Роберт Мэлоун келтірген басқа дәлелдер негізсіз және ашық ғылыми мәліметтерге қайшы келеді. Мысалы, оның айтуынша, ағзаға енгеннен кейін вакциналардың мРНҚ-мен не болатыны әлі белгісіз. Шын мәнінде, осы және осы сияқты басқа да сұрақтарға жауапты ғылыми онлайн-журналдардан табуға болады. Мысалы, былтыр шілде айында Небраска Медициналық орталығының порталында мРНҚ ағзаға енгеннен бірнеше күн өткен соң ыдырайтыны туралы егжей-тегжейлі мақала жарияланды. Сонымен қатар, мақалада рецензияланған ғылыми зерттеулерге сілтемелер жасалған, олар мРНҚ органдаға енбей және денеге таралмай көбінесе инъекция орнында және жақын орналасқан лимфа түйіндерінде қалатынын дәлелдейді.
Сондай-ақ, бүгінгі таңда әлем бойынша бес миллиардтан астам адам COVID-19 қарсы вакцина салдырғанын ескеру қажет. Бұл ретте еш жерде шығу тегі түсініксіз ауыр аурулардың өршуі немесе өлім-жітімнің өсуі ресми түрде тіркелмеген.
Демек, таратылған видеода келтірілген ақпарат фейк және ғылыми деректерге қайшы келеді.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button