Манипуляция: «Манту мен диаскинтест сынамаларында өте қауіпті заттар бар»
Пайдаланушылар Instagram-да мектеп оқушыларына үнемі жасалатын Манту мен диаскинтест сынамаларының құрамында Твин-80 және фенол сияқты қауіпті заттар бар екендігі туралы постты талқылауда. Олар қатерлі ісік, жүрек ауруын және басқа да ауруларды тудырады екен. Бұл рас па? Анықтайық.
Твин-80 және фенол Манту мен диаскинтест сынамасында бар. Бұл құпия емес. Бұл туралы ақпарат баршаға қол жетімді.
Бұл заттардың қауіпті екені рас па?
Твин-80 немесе полисорбат-80 – бұл синтетикалық, иондық емес белсенді зат. Ол косметика, тамақ, тұрмыстық химия және дәрі-дәрмек өндірісінде қолданылады.
Әлемнің көптеген елдерінде Твин-80-ді қолдануға рұқсат етілген және мөлшерін сақтаған жағдайда ол адамдар үшін қауіпсіз болып саналады. Оны балаларға арналған гигиеналық өнімдер шығаруда да пайдалануға болады.
Заттың канцерогенділігін дәлелдеген Твин-80-ді кеміргіштерде жүргізілген зерттеу адамдарға да қатысты деп айта алмаймыз. Шын мәнінде, Твин-80 қатерлі ісікке қарсы препараттар өндірісінде бұрыннан тиімді қолданылып келеді.
Желіде 1984 жылы америкалық токсикология колледжінің журналында жарияланған полисорбаттардың қауіпсіздігі туралы есеп те бар. Онда зертханалық жануарларға жүргізілген зерттеулер полисорбаттардың өздері канцерогенді емес екенін және онкологияның дамуына жол бермейтінін көрсетті.
Яғни, Твин-80 – бұрыннан белгілі және жақсы зерттелген белсенді зат, ол балалар денсаулығына қауіп төндірмейді және қатерлі ісіктің дамуына сеп болмайды.
Манту және диаскинтест сынамаларының құрамына кіретін фенол да аз мөлшерде болады. Манту сынамасының бір дозасында – 0,25 мг. Ол консервант ретінде қажет.
Бұл ретте фенол адамдардың ішегінде табиғи жолмен – жеген ақуыздың ыдырауы нәтижесінде пайда болады. Осылайша өндірілген фенол мөлшері тәулігіне 250 мг жетуі мүмкін. Зат қанға сіңіп, бауырға еніп, толығымен бейтараптандырылады.
Фенолдың тамақ өнімдерінде де болатынын ұмытпағанымыз жөн. Мысалы, оны шұжық өнімдеріне және еттен жасалған «ысталған» жартылай фабрикаттарға қосады.
Сонымен қатар фенол ауыз суда, топырақта және ауада кездеседі. Адам ағзасы фенолдың аз мөлшеріне бейімделген және олармен оңай сіңіреді. Демек, Манту мен Диаскинтест сынамаларындағы фенолдың мөлшері біздің ағзамызға зиян тигізбейді.
Қорыта айтқанда, Қазнетте тараған туберкулезді анықтауға арналған сынамаларда аса қауіпті заттар болатыны туралы хабарлама – манипуляция. Олардың құрамында Твин-80 және фенол бар, бірақ бұл мөлшерде олар зиянсыз болып табылады.