Манипуляция

Манипуляция: «Қытай COVID-19 қарсы вакцинаны пандемияға дейін әзірлей бастаған»

Әлеуметтік желілерде АҚШ Сенатының жаңа баяндамасы туралы хабарлама таралды. Оған сәйкес, Қытай COVID-19 қарсы вакциналарды 2019 жылдың қараша айының ортасында, яғни әлемде аурудың алғашқы жағдайы тіркелгенге дейін әзірлей бастаған екен. Осыған орай, кейбір қолданушылар пандемия алдын ала жоспарланған және қолдан жасалған деген қорытынды жасады. Бұл олай емес.

Сенаттың сенсациялық мәлімдеме жасалған есебі туралы 2023 жылдың сәуір айының ортасында мәлім болды. Құжатта Қытайда 2019 жылдың қараша айының ортасында COVID-19 қарсы кем дегенде екі вакцина әзірленген деп жазылған. Алайда, ол кезде әлемде ауру жұқтырудың бірде-бір жағдайы тіркелмеген еді. Қытай билігі алғашқы науқастар туралы 2019 жылдың желтоқсанында ғана хабарлады. 
Дегенмен, Сенаттың есебінде вакциналарды ерте жасау дүниежүзілік қастандықпен және жоспарланған пандемия теориясымен түсіндірілмеген. Құжат авторларының пікірінше, COVID-19 жұқтырудың алғашқы жағдайлары Қытайда ресми деректерде көрсетілгеннен әлдеқайда ертерек болған деп санайды, бірақ ел билігі олар жайлы айтпаған.
АҚШ сенаторлары «жоспарланған» пандемия туралы болжамдар жасаған жоқ.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button