Алаяқтық

Алаяқтар қазақстандықтарды ірі жанармай құю станциясы желісі атынан алдауда

Қазнетте Qazaq Oil автомобиль жанармай құю станциялары желісіне инвестиция салуға шақыратын жарнамалар шықты. Компанияға инвестиция салғандарға күнделікті дивидендтер төленеді екен. Мұның бәрі өтірік.

Мұндай хабарландырулар – алаяқтардың ісі, олардың Qazaq Oil-ге қатысы жоқ. Бұл туралы компания өкілдері хабарлады.

– Бұл хабарландырудың Qazaq Oil-ге ешқандай қатысы жоқ, оны алаяқтар таратуда. Компания Қазақстан азаматтарының қаражатын ешқандай инвестициялық жобаларға тартпайтынын мәлімдейді. Таралған жарнама шындыққа жанаспайды және алаяқтық сипатқа ие. Алаяқтар бұған дейін де Qazaq Oil атауын өз мақсатында пайдаланған болатын. Қазақстандықтарды қырағы болып, тек ресми дереккөздерге ғана сенуге шақырамыз. Айта кетейік, компания қызметі туралы ақпарат www.qazaqoil.kz сайтында және компанияның әлеуметтік желілердегі парақшаларында ғана жарияланады, – деп хабарлады Qazaq Oil өкілдері.

Алаяқтар қазақстандықтарды белгілі компаниялардың атынан «инвестиция салуға» шақырған жағдайлар бұған дейін де тіркелген. Біз ондай хабарламаларды жоққа шығардық.

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button