Fake News

Алаяқтар қазақстандықтарға Halyk Bank-ке инвестиция салуды ұсынады

Желіде адамдарды алдау үшін Halyk Bank атауы қолданылған сайт пайда болды. Пайдаланушыларға тіркеуден өтіп, инвестиция сала бастап, ай сайын миллион пайда табу ұсынылады. Бұл – алаяқтық.

Назар аударарлық жайт, инвестициялар туралы хабарландыру жарияланған сайттың мекен жайы:

Біріншіден, платформа қазақстандық домендік аймақтан тыс орналасқан, екіншіден, оның Halyk Bank-ке ешқандай қатысы жоқ.
Банктің ресми сайтында «Банк акциялар мен ұтыс ойындары туралы Halyk Bank-тің ресми сайтында және әлеуметтік желілердегі аккаунттарында хабарлайды» делінген. Осылайша, үшінші тараптың ресурсында тараған жарнама сенімді бола алмайды және оған сенудің қажеті жоқ.
Сонымен қатар банктің ресми сайтында банк арқылы бағалы қағаздарға қалай инвестиция салуға болатыны туралы Halyk Invest бөлімі бар. Алаяқтардың сайтынан айырмашылығы, банк көп пайда табу туралы жазбайды және бағдарламаға қатысу үшін тіркеу процесі басқаша.
Қорыта айтқанда, Halyk Bank-ке инвестиция салу туралы ұсыныс – алаяқтардың ісі. Банктің барлық бағдарламалары, ұтыс ойындары мен акцияларытуралы аңдатпалар Halyk Bank-тің ресми сайтында немесе әлеуметтік желілерінде жарияланады.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button