Алаяқтық

Нұрлан Сабуров лото клубта ойнауға бастапқы капитал береді – бұл фейк

Facebook мессенджерінде лотоклубты жарнамалаған стендап-комик Нұрлан Сабуровтың видеосы тарады. Әзілкеш компанияның ресми серіктесі болып табылатынын және 5 минутта пайда табуы үшін адамдарға ақша беруге дайын екенін айтады. Бұл алаяқтардың ісі. Мұндай ақпаратқа сенбеген жөн.

Видеода жалған дауыс қолданылған. Бұл қылмыстық схеманың бір түрі. Алаяқтар танымал адамның нақты сөйлеген сөзін дыбыстаған. Бұл пайда табу мақсатында жасалады.

Біз әйгілі адамдардың атынан жылдам ақша табудың жалған жарнамасы туралы бірнеше рет жазған болатынбыз. Мұндай алаяқтық схемаларда көбінесе ҚР Президентінің, белгілі саясаткерлер мен блогерлердің видеолары «пайдаланылады».

Нұрлан Сабуровтың ресми парақшалары мен сайтында оның лотоклубтың өкілі болғаны туралы ақпарат жоқ.

2023 жылдың қараша айында алаяқтар қазақстандық стендап-комиктің видеосын күмәнді онлайн-казиноның жарнамасында пайдаланған болатын.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар

Басқа жаңалықтар

Back to top button