Fake News

Фейк: «COVID-19 індетін өзгеғаламшарлықтар таратты»

Қазнет пайдаланушылары Солтүстік Кореяның жаңалықтарымен бөлісуде. Жақында ел билігі COVID-19 індетінің таралуына өзгеғаламшарлықтармен байланыс себеп болды деп мәлімдеді. Бұған сенуге негіз жоқ.

Алдымен Sars-CoV-2 вирусын өзгеғаламшарлықтар таратқаны туралы теория дұрыс аудармаудың нәтижесінде туындағанын атап өткен жөн. Солтүстік Корея комиссиясының қорытындылары туралы хабарлаған ағылшын тілді БАҚ-та alien thing деп аталатын нысаны туралы айтылды. Alien сөзін «өзгеғаламшарлық» деп аударуға болады, бірақ көп жағдайда ол «бөтен, жат» дегенді білдіреді. 
Демек, alien thing тіркесін осы контексте «өзгеғаламшарлық нысан» деп емес, «бөтен нысан» деп аударған дұрыс.
Солтүстік Корея өкілдерінің кішкентай жасыл адамдар жайлы емес, бөгде зат туралы айтқаны ел тұрғындарына ауру жұқтырған заттың Оңтүстік Кореядан әкелінді деген сөзімен расталады. Көп жылдан бері ол жақтан әуе шарының көмегімен Солтүстік Корея азаматтарына гуманитарлық көмек көрсетіліп келеді. 
Оңтүстік Корея шетелден әкелінген «бөтен зат» туралы мәлімдемеге жауап ретінде вирустың көрші елдің аумағына дәл осы жолмен таралуы мүмкін емес деп хабарлады.
Жалпы, биыл 12 мамырда Солтүстік Кореяның елде COVID-19 жұқтырудың алғашқы жағдайы тіркелгенін ресми түрде хабарлауы шекара асып келген бөгде зат туралы айтылған «тергеудің» басталуына түрткі болды. Ел билігі болған оқиға үшін кінәні мойындамау үшін басқа мемлекеттерді айыптағанды жөн көрген болар.
Ауру жұқтырудың алғашқы жағдайы туалы ресми ақпарат Солтүстік Кореяда бұған дейін COVID-19 болмаған дегеннің белгісі емес. Кейбір сарапшылардың пікірінше, мемлекетте ауру жұқтырғандар да, одан қайтыс болғандар да болды, бірақ билік мұны жасырып келді.
Жоғарыда айтылғандарды қорытындыласақ, біріншіден, Солтүстік Корея мамандарының ресми есебінде өзгеғаламшарлықтар туралы айтылмаған. Онда Оңтүстік Кореямен шекарадан ұшып өткен бөгде зат туралы жазылған. Екіншіден, вирустың елге белгілі бір нысанмен әкелінгеніне ешқандай дәлел жоқ. Үшіншіден, ел ішінде аурудың таралуын осылай түсіндіру қандай да бір ғылыми мәліметтерге емес, саясатқа байланысты болып отыр. Төртіншіден, сарапшылар Солтүстік Кореяда COVID-19 жұқтыру және одан қайтыс болу жағдайлары көп болған, бірақ бұл туралы айтылмай келді деп санайды.
Демек, таралған ақпарат – фейк.

 

Все разоблачения фейков в нашем Telegram-канале Stopfake.kz. Подпишись, чтобы сразу узнать правду.

Басқа жаңалықтар

Back to top button