Фейк: «АҚШ-та егілген жастар арасында өлім-жітім тез өсуде»
Әлеуметтік желі қолданушылары АҚШ-та 25-44 жас аралығындағы адамдар арасында жүрек ұстамасынан болатын өлім-жітім тез өсуде деген ақпаратпен бөлісуде. Бұған COVID-19 қарсы вакциналар себеп боғлан екен. Бұл шындыққа жанаспайды.
Мұндай хабарламаның таралуына CBS News телеарнасының жаңалықтар сюжеті негіз болды. Ол 2023 жылғы 13 ақпанда шыққан және жастар арасында жүрес ұстамасы жағдайлары санының артуы туралы зерттеуге арналған. Сонымен қатар сюжетте де, ғылыми жұмыста да статистика COVID-19-ға қарсы вакцинацияланған адамдар арасында жоғары деп айтылмаған.
Осы тақырыпқа арналған сюжет NBC News телеарнасынан да көрсетілді. Онда жастар арасында жүрек соғысының жиілеуі COVID-19 қарсы вакциналармен емес, осы ауруымен байланысты делінген.
Зерттеудің бірлескен авторы, доктор Сюзан Ченгтің хабарлауынша, ауырғаннан кейін жүрек ұстамасының болу мүмкіндігін бірнеше есеге артады.
“COVID-19 жүрек-қан тамырлары жүйесіне айтарлықтай әсер етуі мүмкін. Оның салдарынан тромбтардың пайда болу ықтималдығы артады, қан тамырларының жұмысы бұзылады. Кейбір адамдар COVID-19 кейін қатты күйзеліске ұшырайды, өз кезегінде бұл қан қысымының күрт өсуіне әкеледі,” – деді ол NBC News тілшісіне берген сұхбатында.
Сондай-ақ сюжетте COVID-19 миокардиттің – жүрек бұлшықетінің қабынуына әкелуі мүмкін екендігі айтылған. COVID-19 қарсы кейбір вакциналар да сирек жағдайларда осындай жағымсыз реакция тудыруы мүмкін, бірақ аурудан кейін миокардиттің болу қаупі бірнеше есеге артады.
Миокардит COVID-19-бен жеңіл ауырған баскетболшы Деми Вашингтонда болған. Ол кезде ол вакцина алмаған, демек, екпенің бұл жағдайға еш қатысы жоқ.
Демек, жүрек ұстамасы жағдайларының саны егілген жастар арасында ғана артуда деген пікір дұрыс емес және оқырмандарды шатастырады. Сонымен қатар жұмыстың бірлескен авторы жүрек ұстамалары санының өсуіне COVID-19-ға қарсы вакциналар емес, аурудың өзі себеп екенін айтты.