Fake News

Жалған: «Магниттік дауылдар 5G байланысы енгізілгеннен кейін басталды»

10 мамырда Жерде қатты магниттік дауыл болды. Ол бірнеше күнге созылды. Бірден осы табиғи құбылысқа қатысты фейктер тарай бастады. Telegram арналарының бірінде магниттік дауылдар 5G байланысы енгізілгеннен басталды деп жазылды. Бұған жаңа буынжағы байланыстың еш қатысы жоқ, неге екенін айтып өтейік.

Геомагниттік дауылдар Күннің әсерінен болады, өйткені бұл алып магнитоактивті жұлдыз. Дауылдар тәждік масса шығарындыларынан туындайды – бұл Күннің бетіндегі плазма көпіршіктері немесе Күн сәулесі. Дауылдар Жердің магнит өрісін бұзуы мүмкін, сол кезде электр энергиясымен, спутниктермен проблемалар туындайды, радиобайланыс үзіледі. Сонымен қатар, көздің жауын алатын шоу – Поляр шұғыласы көрінеді.

Магниттік дауылдар Күн белсенділігінің артуына байланысты, шамамен 11 жыл сайын болып тұрады. Ең ірі геомагниттік дауыл 1859 жылы 1-2 қыркүйекте тіркелген. Ол «Кэррингтон оқиғасы» деп аталды. Дауыл салдарынан бірнеше телеграф станциясында өрт шықты. Поляр шұғыласы да болды. Оны Мексика, Гавайи мен Куба тұрғындары көре алды. Күн сәулесінің жарқылын британдық астрономдар Ричард Кристофер Кэррингтон мен Ричард Ходжсон бақылап, құжатқа жазды. Ғалымдардың айтуынша, осындай дауыл қазір болса, ол бүкіл әлемде электр қуатының үзілуіне әкелер еді.

Бұдан кейінгі дауылдар әлдеқайда жеңіл болды. 1882 жылы 17 қарашада орын алған магниттік дауыл әлемнің көптеген бөліктерінде Поляр шұғыласын тудырды, ал 1921 жылы мамырда өрттер болып, телеграф қызметтері істен шықты.

1972 жылы тамызда тағы бір ірі геомагниттік дауыл болды. Солтүстік Америка аумағындағы электр желілері мен спутниктік байланыс үзілді. Сонымен қатар, Солтүстік Вьетнамдағы АҚШ Әскери-теңіз күштерінің теңіз миналары өздігінен жарылды.

1989 жылы наурызда болған геомагниттік дауыл салдарынан алты миллион адам 9 сағат бойы электр қуатынсыз отырды.

Сондай-ақ, ірі геомагниттік дауыл 2000 жылдың шілдесінде болды. Ал 2003 жылғы 19 қазаннан 5 қарашаға дейін Күн сәулесінің 17 ірі жарқылы болды. Ол Хэллоуиндік күн дауылы деп аталып кетті.

«Википедия» геомагниттік дауылдар тізімін жасады. Онымен кез келген адам таныса алады.

5G желісіне келетін болсақ, ол алғаш рет коммерциялық негізде 2018 жылғы 1 қазанда АҚШ-та іске қосылды. Жобаға төрт қаланы қамтыды – Сакраменто, Хьюстон, Лос-Анджелес және Индиаполис. Азияда бесінші буындағы алғашқы желі 2019 жылғы 5 сәуірде Оңтүстік Кореяда пайда болды.

Демек, геомагниттік дауылдар 5G желісі пайда болғанға дейін көп уақыт бұрын тіркелген. Күн дауылдарының жаңа буындағы сымсыз желімен байланысы бар екендігіне нақты дәлелдер жоқ.

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар

Басқа жаңалықтар

Back to top button